Оқулық сапалы болғанда ғана пайдалы

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Жуырда Алматы қала­сын­дағы ғылым ордасында Қазақстан жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша VIII  республикалық конференция өтті. Дәстүрлі жиынды ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарының қолдауымен ұйымдастырды.
Конференция жұмысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім депар­таментінің директоры Жақыпова Фатима Надырқызы, ҚР Жоғары оқу орындары қа­уымдастығының президенті Рахман Ал­шанов және бірқатар ЖОО-лардың рек­торлары мен ғалымдары, кітапхана дирек­торлары, баспагерлер, оқу-әдісте­ме­лік бө­лімдердің мамандары, жаңа шық­қан оқулықтардың авторлары мен автор­лық ұжымдар, аудармашылар, жалпы, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралда­рының өкілдері бас қосты. 300-ге жуық де­легат қатысқан келелі конференция жұ­мысы алдымен жаңа шыққан оқулықтар көрмесін тамашалаудан бастады. Оқулық мәселесін сөз еткен алқалы жиын бары­сын­да өткен жылдардың есебі тыңдалып, ал­дағы кезеңнің жоба-жоспарлары пы­сық­талды. Ғылыми бағыттар бойынша арнайы тақырыптық баяндамалар жаса­лып, жан-жақты талқылаулар өткізілді.
Интеллектуалды ұлт болуға ұмтылған қазақ қоғамындағы өзекті проблемалар­дың бірі – мемлекеттік тілдегі сапалы оқу­лықтар шығару жайы. Көптеген жоғары оқу орыны осы уақытқа дейін, негізінен, орыс тіліндегі салалық кітаптарға жүгінуге мәжбүр болып келді. Тәуелсіздік алған ал­ғаш­қы жылдары да жоғары оқу орын­да­рына арналған ана тілімізде жазылған оқулықтар тапшылығы бірден оңтайлы шешімін таба алмады. Әйтсе де уақыт оз­ған сайын, заман талабына сай өз ғалым­дарымыз оқулық жазу саласына біршама ден қоя бастады. Алайда көп нәрсе қар­жыға келіп тірелетіндіктен, бұл мәселені жоғары оқу орындарының өздеріне шешу­ге тура келді. Қазіргі заман талап етіп отыр­ғандай, инновациялық технология­ларды меңгеріп, жаңа сатыдағы білімді игеру үшін сапалы оқулықтар ауадай қажет екені белгілі. Осы орайда еліміздің Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз етудің тың меха­низмін іске қосып, тиімді жоба­лармен ай­налыса бастады. Бұл іске Қазақстан Жоға­ры оқу орындары қауым­дас­тығы барын­ша жұмылып, оқулық дайындап, шығаруда көптеген нәтижеге қол жеткізді.
Фатима ЖАҚЫПОВА, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:
– Жыл сайын ұйымдастырылатын мұндай маңызды конференция жоғары оқу орындарын қажетті кітаптармен қамтамасыз ету барысын жан-жақты талқылауға, бір шешімге келіп, тәжіри­бе алмасуға, оқулықтар саны мен сапасының артуына қолайлы жағдай­лар тудырып келеді. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі бүгінде ең бірінші кезекте мемлекеттік тілде жа­рық көретін баспа өнімдерін шығару ісіне мемлекеттік қолдау көрсетіп, жүйелі түрде іс жүргізіп отыр.

Республикалық бюджеттік комис­сия­ның шешімі бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар шығаруға 2013 жылға 200 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржы 75 атаудан тұратын оқулықтар шығаруға жұмсалмақ. Оның ішінде бірінші рет 25 атаудан тұратын ең озық университет­тер­де қолданыста жүрген шетел оқу­лық­тарын қазақ тіліне аударып шыға­ру­ды жоспарлап отырмыз. Үстіміздегі жыл­дың 9 наурыз күні білім және ғы­лым министрі Бақытжан Жұмағұлов тақы­рып­тық жоспарға қол қойды.
Конференция соңында білім сала­сы­ның бірқатар маманына әртүрлі дәре­же­дегі Ахмет Байтұрсынов атындағы ме­даль­дар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
Білім саласының білгір ғалымдары жиналып, оқулық проблемаларын ортаға салған конференция көптеген мәселеге тың көзқараспен келу керек екенін аң­ғарт­ты. Бірінші кезекте оқулық мазмұны­ның са­па­сы сын тезіне салынды. Таралым жайы да қат­ты айтылды. Себебі кейбір оқу ор­ын­дары мемлекеттік тілдегі кітап­тар­ға мүл­де аз тап­сырыс беріп келген. Десек те, бір қуанар­лығы – бұрынғы кезге қара­ғанда күрделі саналатын бірқатар ғылым салала­ры мен түрлі мамандықтарға ар­налған ба­залық оқулықтардың қазақ ті­лін­де жазы­лып, ізденуші қолына тиюі. Бұ­ған қоса тұң­ғыш рет қолға алынып отыр­ған үздік шет­елдік оқулықтарды түпнұсқа тілінен қазақ тілге аудару ісінде қазақстан­дық аудар­машы-ғалымдардың үлес-сал­мағы үлкен екенін де айтпасқа болмас. Мемлекет тиіс­ті дәре­жеде қам­қор­лық көрсетіп, жеткілікті қаржы бөліп отырса, ғалымдарымыз сапа­лы оқулық жазуға әзір екендіктерін айтуда. Жоба ая­сында жарық көріп отырған бар­лық оқулық Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Оқулық» республикалық орта­лы­ғының сараптама­сынан өтеді. Содан соң ғана өндіріске жібе­ріліп, ЖОО-лар мен кі­тап­ханаларға үлестіріледі. Дегенмен оқу­лықтардан олқылықтар жіберіп алмас үш­ін ғылыми сараптаманы бұдан да кү­шейту мәселесі де назардан тыс қалма­ды. Себебі оқулық сапалы болғанда ғана пай­далы екені бел­гілі, ал сапалы білім – елі­міз­дің ин­теллек­туалды болашағының кепілі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста