ОҚО-дан көне үңгір табылды (видео)

Күнгейлік археологтар Қаратау сілемдерінің басталар тұсындағы Қос тұраның етегінен көне үңгір тапты.

Оны бағзы замандағы адамдар мекендеген көрінеді. Қазба жұмыстары кезінде олардың аңшылықпен айналысқаны, тіпті қола, темір балқытқаны анықталған. Мамандар: «Табылған жәдігерлердің кемінде 3 мың жылдық тарихы бар», – дейді.

Әбдез Рахманұлы, тілші

-Қола дәуіріндегі адамдардың тылсым дүниеге деген сенімдері өте күшті болған. Олар аң аулауға шығар алдында жолдары болуы үшін өздерінің наным-сенімдеріне байланысты түрлі рәсімдер өткізіп тұрған. Соның барлығын мына қара тасқа әдемілеп таңбалаған. Бұл жерде өздерінің аулаған бұғылары, арқар, тау текенің суреттері бар. Және аң аулау сәттерін де әдемі көрсеткен.

Аң аулайтын жебе мен найзаның ұшы мықты темірден болған. Оны біздің бабаларымыз Қаратаудың бөктерінде балқытқаны дәлелденді. Тұтты бұлақтың бойындағы үңгірде өздері тұрған және сол жерде тұрмысы үшін қажетті темірді балқытқан. Қазба жұмыстары кезінде үңгірден темуридтер, қараханидтер заманына тән құмыраның сынықтары табылыпты.

Әбдез Рахманұлы, тілші

-Археологтар: «Мына түрлі-түсті қабатқа қарап, үңгірде адамдардың қай жылдары тұрғанын және немен шұғылданғанын нақты аутуға болады», – дейді. Мысалы, мына қара белдеу біздің дәуіріміздегі 1300-ші жылдары тұрған адамдардың қалдырған ізі екен. Ал ең астыңғы қабат біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырға тән.

Археологтар астында әлі бірнеше мәдени қабаттың барына толық сенімді.

Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры

-Үңгірдің төменгі қабаттарынан біз ойлаймыз, ежелгі қазба адамның қалдықтары, сүйектері шығады ма деп. Өйткені бүгінгі дүниежүзілік археологияның алдында үлкен сұрақ бар. Адамзаттың шығу тегі, адамзат қалай, қай жерден шықты және жер жүзіне қалай тарады деген сұрақ бар.

Қазба жұмыстары келесі жылдары да жалғасады. Мүмкін әлгі сұрақтарға жауап табылып та қалар.

 

khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста