«Опералия–2012» халықаралық фестивалі өтеді

Жыл сайын Астана күні қарса­ңын­да «Опералия» халықаралық фес­тивалі өткізіледі. Биылғы жылы атал­мыш фестиваль жетінші рет ұйым­дастырылып отыр. Бір апта бойы алматылықтар мен аста­на­лықтар әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал өнерпаздардың талантына тәнті бола алады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, 1-7 шілде аралығында «Опералия-2012» VII ха­лық­аралық фестивалі Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Аталмыш фестивальда әлемнің үздік театрларының әйгілі опера әншілері мен жетекші балет солистерінің өнерімен танысуға болады. Мамандардың сөзіне сенсек, биылғы жылы фестиваль ең жоғарғы деңгейдегі әртістерді жинайды. Бағдарлама бойынша, 1 шілде күні сағат 19.00-де Астананың  «Қазақстан» орталық концерт залында «Әлемдік балет жұлдызда­ры» атты гала-концерт өтеді. Концертке бел­гілі бишілер Роберта Маркез, Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Ков­роски, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сянь­дон, Чжан Синьлю (Қытай ұлттық ба­леті), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония), сондай-ақ К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солистері Мәдина Басбаева, Рүстем Сейтбеков, Әйгерім Бекетаева, Тәиір Гатауов, Гаухар Усина, Жан­дос Әубәкіров және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солистері Сәуле Рахмедова мен Азамат Асқаровтар қатысады. Сонымен қатар  шілденің 3-і күні сағат 19.00-де  «Қа­зақ­стан» орталық концерт залында опера өнерінің шеберлері қатысатын «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концерт өтеді деп жоспарлануда. Концерттік бағдарлама бо­йынша, Еуропа театрларының жетекші солистері Джузеппе Варано және Сильвия Дал­ла Бенетта (Италия) қатысады. Аталған гала-концертті алматылықтар 7 шілде күні сағат 19.00-де Абай атындағы Қазақ мемле­кет­тік академиялық опера және балет теат­рын­да тамашалай алады. Халықаралық фес­тиваль 2005 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен жыл сайын Аста­на күні қарсаңында өткізіліп тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста