Оның өлеңі тазалыққа тұнып тұр...

Оның өлеңі тазалыққа тұнып тұр...

Әр ақынның өзіндік стилі, тақырыбы, стихиясы болады ғой. Оның өлеңдерін оқып отырғанда ауылдың қоңыр тіршілігі көз алдыңа келеді. Қарапайым. Сонысымен де тартымды. Өлең өлкесінің ең шебер ұстасы ғана ұйыстыра алатын ұйқастардың үйлесімділігіне таң қаласың. 

Бір қарағанда ойға келмейтін ұйқас сияқты. Үзік-үзік. Қайтара оқығаныңда жұп-жұмыр дүние екенін байқайсың. Өлеңді өрнектеуінде өзіндік стилі қалыптасқан өзгешелігі байқалады. Өлеңдерін оқығанда көптен көз жазып қалған қымбат жақыныңды қайта тапқандай қуанасың. Тазалықтан тұратын ауылдың иісі аңқитындай (ауыл дегеннің өзі тазалық, мөлдірлік дегеннің синонимі сияқтанады да тұрады мен үшін). Ауылдың аңғал да адал адамдарымен қайта табыстырғандай. Мөлдіреп тұр. Таңғы шықтай. Сезім себезгілеген сұлу сөздерді қайталап оқи бергің келеді. Ол ақын болмас па еді, «Неге өлең жазбайсың деп тәп-тәуір, Әкем маған күнде ұрсад...» деп шындығын айтады. Тағы да «Алдиярдың ұрпағындай, бір ұлы, Өлең жазшы», - деген Әке, сен ең ғой» дейді. Бұнысына «Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді...» деп бір желпініп қаласың. Аса бір асқақтаған, жалған пафосқа бағытталған тақырыптарға бармайды, белгілі бір нысананы баяндап отырып-¬ақ, тіршіліктің түпкі мағынасын іздейді. Оның шығармашылығының алтын діңгегі – қарапайымдылық, сонысымен де жаныңа жақын. Сезім. Сыр. Тазалық. Болды. Бітті. Сонысымен де тартады. Сосынғысын іздеп жүріп оқисың. Тағы да не жазды екен деп ынтығасың...
Суреттеп отырған кейіпкеріміз оңтүстіктің жас ақыны – Мұқағали Кенжетайұлы. Әкесі сірә қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидай алып ақын болсын деген ниетпен азан шақырып атын осылай қойса керек. Мұқағали Мақатаевтың деңгейіне жете қоймаса да талпыныс бар. Бастысы қазақ поэзиясының табалдырығын имене аттаған жас ақында талапта бар, талант та бар. Ал жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жастар арасында өткен «Сен жанбасаң лапылдап...» атты жыр мүшәйрасының бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы өзі «Қай ақынның да деңгейі мүшәйрамен өлшенбейді десек те, мұндай жыр көкпарлары біздің арынымызға арын қосары сөзсіз» дейді. Оңтүстіктің Бәйдібек ауданының тумасы Алматы қаласындағы Абай атындағы РММИ білім алған. Бүгінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Режиссура және актерлік өнер» факультетінде білім алуда. Болашағынан зор үміт күттіретін жас ақынды өз мамандығы бойынша да жаңа бір қырынан танып қалармыз, кім білген?!
«Махамбет көрген түс», «Біздің үйдің тұрғындары», «Көк шалғын», «Қарындасым», «Күнәлі сезім», «Ұрлықы сыйлық», «Мен сені күтемін» атты туындылары бар. Қай ақын болмасын балалық шағындағы жасаған бір аңғалдығын кешіре алмай, адалдықты аңсап өлеңнен қамшы өретіні секілді аңсау Мұқағалида да бар. «Ұрлықы сыйлық» атты өлеңінде өзі ұнатқан қызына қаламсап сыйлау үшін әкесінің қалтасына ұрлыққа түскенін әбестік санап, бармағын шайнағанын жыр жолдарымен өрнектейді. Кешірім сұрайды. Адалдық үшін. Сонысымен ұнамды. Сонысымен ұнайды. Пәк сезімді өлеңмен өрнектегені үшін... Оңтүстіктің әдеби ортасы күн өткен сайын түлеп, түрленіп келеді. Жас таланттармен толығып келеді. Жастардың соңғы әлетте тұнық сезімге шүпілдеп тұнып тұрған мөлдір жырларды іздеп жүріп оқитыны осындай талантты жастардың арқасы. Ал оңтүстік ешқашанда таланттан кенде болған емес...
Гүлжан Жұмаш

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста