Өнер ұжымы Димекеңді еске алды

Қазақ халқының заңғар ұлы, көреген саясаткер, іскер басшы Дін­мұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы республика кө­ле­­мінде аталып өтуде. Димаш Ахметұлын еске алу кештерінің бірі күні кеше
Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінде ұйым­дастырылды. Колледж ұжымы елін шексіз сүйген, халқы үшін қызмет еткен ардақты азаматқа ұрпақ алғысын білдіру мақ­сатында белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерімен кез­десті.
Кештің құрметті қонақтары Димаш Ах­мет­ұлының туған қарындасы Сара Қонаева, Д.Қонаев атындағы мұрайжай-үйінің директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Болысбек Батталханов, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Венера Қармысова, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі Нұрдан Төлепбергенов сынды азаматтар Димекең туралы естеліктер айтып, колледж студент­теріне үлгі боларлық мәнді әңгімелерімен бөлісті. Кештің шымылдығы арыс азамат жайлы деректі фильммен ашылды.
Қонаевтай ұлы тұлға қазақ халқын ру­хани тәуелсіздікке жеткізетін білім мен өнер екенін жақсы түсінген еді. Ол өз кезінде Мәскеуге өтініш айта жүріп, 1965 жылы Гүлжихан Ғалиева іргетасын қалаған эстра­да-цирк колледжінің дамып өркен­деуіне зор үлес қосты. Димаш атамыздың қамқорлығының нәтижесінде эстрада-цирк студиясы және оның түлектері дүние­жү­зіне әйгілі ұжымға айналды.
Сара Қонаева, Д.Қонаевтың қарында­сы:
– Біздің Димаш ағамызды халқы көгіне көте­ріп, қадірлеп, оның 100 жылдық ме­рей­тойын жоғары деңгейде тойлап жат­қаны үшін мен өте қуаныштымын. Димаш аға соңғы демі қалғанша елін, жерін ойлап кетті. Ол қазақтың балалары өсіп-өркендеп, биіктерден көрінсе деп армандайтын. Дарынды, белсенді балаларды жақсы кө­ретін. Отбасымызда ата-анамыздан айы­рылғаннан кейін ағамыз әке орнына әке, шеше орнына шеше болды. Біз өте тар­шылық заманда өстік. Әкеміз көше сы­пырушы, жүк тасушы, сатушы болып жұмыс істеді. Димаш отбасымызда өте жақсы оқып, өз күшімен жоғары білім алды, өзі армандағандай тау-кен инженері атанды. Ол Мұхаметжан Тынышпаевты үлгі тұтушы еді. Өзі туып-өскен Алматы қаласын ерекше көріп, осы қаланың болашақта әлемдегі әсем қалалардың біріне айналатынына сенетін. Біз ағамыздың қамқорлығын кө­ріп, ақылын тыңдап өстік. Өмірінде ешкімге қабақ шытып, көңілін қалдырмаған жан еді. Біз де сол кісіге сөз келтірмеуге ты­рыстық.

Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Халық әртісі:
– Қазақстанның қайбір жетістігін, мақтан тұтарлық дүниесін алып қарасаңыз, онда Димекеңнің еңбе­гінің ізі жатыр. Қазақ өнерінің өсіп-өнуін, өнерлі ұл-қыздары­мыздың биік дәрежеге жетуін қадағалап отыратын осы Димаш аға еді. Димекеңнің кезінде музыка мектеп­терін­дегі кішкене өнерпаздан бастап барлық өнер иелері қадағаланып, бәйге алған бір өнерпаз да­лада қалмайтын. Еш жерде жұмыс істемесе де, асқан дарын иесі болған Шәмшіні ізде­тіп, оның халін сұрап тұратын. Осы күні жүре сөйлесетін бастық­сымақтар көп. Ал Димекең ұлық болса да, кішік бола білген азамат еді. Отанын, елін жерін сүйетін адам болса, Димекеңдей болсын дер едім. Бүгінгі жастарға айтарым: ақыл мен параса­ты мол Димаш ағадай ұлы тұлғаның ұрпағы екендеріңді жандарыңнан шығармаңдар дегім келеді.

Кеш барысында Д.Қонаев атындағы мұражай-үйінің директоры Болысбек Батталов Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қызметіне қатысты колледж студент­теріне сұрақтар қойып, викторина ұйым­дастырды. Сұраққа дұрыс жауап бергендер шағын сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ мұражайдың ашылуына, бірнеше жылдан бері жемісті жұмыс істеуіне мұрындық болған азаматтар «Д.Қонаевқа – 100 жыл» медалімен марапатталды. Кеш соңы Рамазан Стамғазиев, Сәкен Майғазиев сынды өнер жұлдыздары өнер көрсеткен мерекелік концертке ұласты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста