Баян Алагөзованың қайын атасы Тұрым Алагөзов өз Instagram парақшасында қазақстандық продюсердің кіші қызы туралы ойын айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстандық сазгер әрі дирижер Тұрым Алагөзов Баян Алагөзованың ата-анасының алтын тойында болған. Суреттерімен бөліскен ол Айсәуле Бақытбек туралы да ойын қалдырыпты.
"Өте ақылды, білімді және алға ұмтылып қалған тұлға. Онымен тіл табысу оңай емес, бірақ қызық" , -деген ол өз жазбасында.
Бірнеше күннің ішінде жазба мыңдаған лүпілдер мен пікірлер жинаған.
"Сіздің туған немереңіз сияқты" , "Не деген жақсы адамсыз", "Осындай әкесі бар Тұрсын бақытты екен", "Бақытты болыңыз" , - деп жазған желі қолданушылары.