Омырауы өзінікі ме, әлде...

Омырауы өзінікі ме, әлде...

Қазіргі кезде қазақ эстрадасында ән салып жүрген жас қыздардың көбі көкірегін ашып бейнелкипке түсуге әуес қой. «Қазақ қыздарын клипке түсіру үшін бір төсек жеткілікті, өз өздерін аймалап әндерін айта береді» деген өзбек продюсерінің сөзіне намыстанамыз әрине, бірақ бұл сөздің ар жағында шындықтың жатқанын да жасыра алмаймыз. Теледидардан дене бітімінде бір мін жоқ қыздарды көрген жігіттердің не ойлайтынын бізге түсіну қиын шығар, бірақ біразымыз аруларымыздың қос анарын көргенде «омырауы өзінікі ме екен?» деп күдіктенетініміз рас. Өйткені қазіргі заманда ақшаң болса, мінсіз мүсін иесі болып шыға келесің. Бүгін «Алаш айнасы» мінсіз мүсін үшін қанша ақша керек екенін есептеп көрген еді. 

Заманның талабына сай дейміз бе, қазіргі кезде біздің елімізде пластикалық хирургия жақсы дамып келеді. Оның үстіне медицинаның осы бір саласы мамандар үшін жақсы табыс көзі. Адамның сырт келбетіндегі, денесіндегі кемшіліктерді түзеп, сұлу болуына көмектесетін мамандардың айтуынша, адамның жаны да, тәні де, дене бітімі де сұлу болуы керек. Адам өзін сұлу сезінгенде ғана жаны жайланып, өзін ерекше бақытты сезінеді.
Бүгінде еліміздегі ірі қалалардың орталықтарынан көптеген эстетикалық медицина орталықтары ашылып жатыр. Мүндай клиникаға, әрине, негізінен қалтасында ақшасы бар адамдар барады және ел алдында жүрген әртістер баратыны белгілі.
Сахнаға шыққан әртістердің бәрі сұлу, үлкені де, кішісі де, жасы да, кәрісі де. Ал әнші, актер, актриса, тележүргізушілердің әлеуметтік желіге жарыса салатын суреттерін айтсаңызшы. Алпысқа таяп қалған Роза Рымбаева 30 жастағы келіншектей, 50 жастан асып кеткен Мақпал Жүнісовадан өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Ал Баян Есентаева ханымның сұлулығына тіпті көз тоймайды. Айтпақшы, әртістердің арасында пластикалық ота туралы әңгіме қайдан шықты десеңіз, бәрі осы Баяннан басталды. Жақында әлеуметтік желіде танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева өзін пластикалық ота жасады деп сынағандарға Instagram желісі арқылы жауап берген еді. Өзінің ресми парақшасында продюсер “мұрным да, көзім де, кірпіктерім де өзімдікі” деп сендірді.
“Шын сөзім. Мен мұрнымның пішінін өзгерткен емеспін, линза да тақпаймын, пластикалық ота жасатқан жоқпын, кірпік жабыстыратын да әдетім жоқ, ерінімді үлкейткен емеспін, мең де салмаймын, тағы да не бар? Фотода мен 20 жастамын”, деп жазды.
Баян Есентаеваның сұлулығына күмән келтіргіміз келіп отырған жоқ. Алайда шоу-бизнес әлемінде жүрген қыз-келіншектеріміз өздерінің эстетикалық медицина көмегіне жүгінетіндерін жасырып, бәрі табиғи сұлумыз деп мақтанып, ақталғандарына сену қиын.
Әлемдік шоу-бизнес өкілдері өздерінің пластикалық ота жасататындарын жасырмайда да, қайта жарнамалайды.
Жақында бір құрбыммен әңгімелесіп қалып едім, ол өзінің көкірегін үлкейу мақсатында ота жасатқанын айтты. «Білесің бе, осы отаны жасатуға қанша уақыт батылым жетпей жүрді. Бірақ әйтеуір шешім қабылдап, омырауымды үлкейткеннен кейін өмірім өзгерді. Бұрын омырауым кішкентай болғандықтан қатты қысылатынмын. Оның үстіне бала емізгеннен кейін көкірегім тіпті кішірейіп кетті. Күйеуім де жас қыздарға көз салып, олардың мүсіндеріне қарап тамсанып отыратынын көргенде өзімді қор сезініп кететінмін. Сондықтан мақсатты түрде ақша жинап ота жасаттым» дейді ол. Құрбым Алматы қаласында орналасқан эстетикалық медицина орталығында жасатты. Оның айтуынша, осы клиникада жасалатын отаның 70-80 пайызы көкіректі үлкейту үшін жасалады екен.
Қазір әлеуметтік желі арқылды да, ғаламтордағы қаптаған сайттар арқылы да эстетикалық медицина орталықтарының қызметі туралы оп-оңай ақпарат алуға болады. Біз де клиникалардың біріне хабарласып көрген едік. Өте мәдениетті жауап берген медбике орталықта барынша сапалы қызмет көрсетілетінін айтты. Медбикенің сөзінен түсінгеніміз, омырауыңызды үлкейту үшін қалтаңызда кемінде 600 мың теңгеңіз болса болғаны.
Мамандардың айтуынша, жасанды омыраумен бала емізуге де болады екен. Ең бастысы ота сәтті жасалса болды. Осы уақытқа дейін бірнеше бала дүниеге әкелсе де, мүсіні бұзылмайтын әртіс келіншектерге таңғалып қараушы едік. Сөйтсек, мамапластиканың құдіреті екен ғой...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста