Өмірдің өзі – новелла
Арқалықта қала әкімі Берік Әбдіғалиұлының қолдауымен танымал журналист Ләззат Қапышеваның «Өмірдің өзі – новелла» атты кітабының тұсаукесері өтті. Белгілі қаламгердің жаңа туындысының ашылу салтанатына жергілікті ақын-жазушылармен қатар, республиканың түкпір-түкпірінен өнер иелері қатысты.
Жазушының бұл еңбегінің жарыққа шығуына өзі жүргізіп келген «Өмірдің өзі – новелла» атауындағы авторлық радиохабарлары түрткі болыпты. Жылдар бойы әуе толқынына тараған еңбектерін топтастырған журналист кітабының жазбаша нұсқасымен қатар, аудионұсқасы да бар. Олар әр кітапқа жапсырылған.
Шараны белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиевтің өзі басқарды. Автордың жаңа кітабының өткір жаңалықтармен айшықталғандығына ерекше назар аударған әріптестері оған жоғары баға берді.