Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, марқұм күйеуінің өмірден өтер кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мақпалға кеткеннен кейін, жұмысын тек теледидардан көріп отырдым. Қайратқа: "Әкеңнің жанында бол", - дедім. Ал Құралай онша көп барған жоқ. Тек туған күнінде ғана көретін. Қайрат үнемі әкесінің қасында жүрді. Ол кісінің қаны көтеріліп кетеді, ренжісе жүрегі ауырады. Ана жақтағы өмірін де естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ ол жақта да. Сондықтан ұлыма үнемі байқап жүр деп айтатынмын. Ал өмірден өтетін кезінде Құралайдың тігін студиясына келіп, кешірім сұрады. "Құралай қызым, мен енді жақсы әке болдым ба, жаман әке болдым ба... Кешір", - депті. Құралайдан кешірім сұрады. "Денсаулығым жоқ, денсаулығым нашар", - деген. Ол кезде қызметтен түсіп қалды ғой. "Папа, не менімен тұр, не Қайратқа қайт", - депті Құралай. "Қайтам ғой, қайтам ғой, - деген екен. Сол кезде Құралайдың офисінде түскен суреттері бар. Бұл қыркүйек айы болатын. Қарашада кетіп қалды", - дейді Нұрбике Нұрқаділова.