Өткен айдың ортасында белгілі пародист Олжас Сыдықбек шаңырақ көтеріп, көкшетаулық Арайлым есімді бойжеткенді шаңырағына келін етіп түсірген болатын. Енді Олжас жарымен бірге Түркияда өткізіп жатқан, бал айының суреттерімен өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Инстаграмға салған суреттерінің астына Олжас «Анталья кеші көңілді...», «Бал айы, бал махаббат...», «Ақ теңізде ақ махаббатыммен» деген пікірлер қалдырған.