Жуырда Алматы облысының Іле ауданындағы №9 орта мектепте композитор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевпен кездесу кеші болды.
Кездесу мектеп директоры Динара Сәкенбайқызының кеш қонағына ұжымның, оқушылардың атынан алғысын айтып, сый-сияпат жасап тиісті құрмет көрсетуімен басталып, әуелгіде қалың бұқараға айтыс арқылы аты шыққан ақын Бекжан Әшірбаевтың ілгеріректегі аламандардағы сөз сайыстарынан үзінді көрсетілді. Мұнан соң қазақ поэзиясында өзіндік өрнек салып жүрген ақынның шығармашылығымен жақсы таныс оқушылар оның «Қымыз иісін аңсау», «Естелік бітті кеудеме», «Бақытты іздеу», «Айбергенов атындағы сағыныш», «Жанарсыз қыз», «Өмір мен көңіл» және басқа өлеңдерін оқыды.
Әлбетте, сахнада өлеңдері өрілген ақын, композитор Бекжан Әшірбаевтың әндері де шырқалмай қалған жоқ. Кездесу қонағы болған әншілер Қуаныш Құрманбаев «Қарлығашым менің», Жандос Әбдірайымов «Жалғыз алма», Шыңғыс Құралбаев «Моншақ қыз», Абай Аймағанбет «Таң-сұлу» және Елдос Мыңжасар «Бақыт жарнамасы» атты әндерін тарту етіп, кештің көркін қыздырды.
Өлеңмен өріліп, әнмен әрленген кездесу
Последние статьи автора