Оюды қорлауды қою керек

Оюды қорлауды қою керек

Бүгінде көненің көзіндей болған қазақы нақыштағы ою-өрнегі­мізді отандық сәнгерлеріміз жиі пайдала­натын болды. Оған бөркімізді аспанға атып қуанғаннан басқа айтарымыз жоқ. Деген­мен оюларды кез келген жерге тықпалайтын­дары көңіл қабаржытатыны рас. Мәсе­лен, қазақ халқында тек қошқар мүйіз оюы ғана бар сияқты қабыл­дай­тын­дарға таңғалмасқа шара жоқ. Ақ самайлы әжелеріміздің, ісмер қолды шеберлеріміздің айтуынша, қошқар мүйіз сырмақтың оюы болып табылады. Ал оны баскиімге де, аяқкиімге де тықпалай­тын­­дардың білімсіздігіне бас шайқамасқа амал кем.
Ою-өрнектің де өз тілі бар. Бағзы заманда ою-өрнек хаттың орнын алмас­тырған. Қыздар орамалдың шетіне ою са­лып, сол арқылы ғашығына ойын жеткізген. Сондықтан да ою-өрнекке жай нәрсе деп қарау – қателік. Көңілге көлеңке түсірері – байырғы дәстүріміздің бір бөлшегі саналар оюлар өз орнымен қолданылмай шатысып жүр. Оған, әрине, оюшы-суретші атанып жүргендер кінәлі. Ұлттық оюдың не екенін білмейтін, оның мағыналық ерекшелігінің исі мұрнына бармайтын адамнан қандай өнер күтуге болады? Бір ғана мысал... Қазақстан­дағы үшінші қала атануға ниет­теніп жүрген Шымкенттің соңғы кезде ұлт­тық нақышта көріктендірілуіне қуанып жүргенбіз. Бұ­рын­ғ­ы хандардың таққан сақиналарын қа­за­қы оюлармен көркемдеп, қала көшеле­ріне орналастырды. Ал түнгі қаланың жарқ-жұрқ еткен оттары тіпті көз қарықтырады. Бір әттеген-айы, дәл облыс­тық әкімшілік ғимаратының алдында  түнде жарқырап тұратын көркемдеу тақта­сы орнатылған. Оған қошқар мүйіз оюын салған. Сан соқтырары – осы оюды төңке­ріп, теріс қаратып іліп қойыпты. Бұл, әрине, қаланы безендірумен айналысатын фир­ма­лардың кемшілігі. Алайда «мынала­рың дұрыс емес қой» деп айтып жатқан жан жоқ. Ескертпе болмағаннан кейін, алты айдан бері осылай ілініп тұр. Ұлттық на­қыш­тағы ою-өрнектен хабары жоқ маман­дардың кесірінен осылайша күлкіге қалып жатқан жайымыз бар.
Түрікмен халқының қолөнері мықты дамығанын білеміз. Әсіресе қол кілем­дері­мен аты шыққаны мәлім. Осы түрікмен ағайындардың үйіне барсаңыз, төрінде ілулі тұрған кілемдеріне қарап үй иесінің қай рудың адамы екенін біле қоясыз. Міне, қолөнердің құдіреті... Сән өнерінің отаны саналар Италиядан әкелінген бұйымдарға жіті назар аударып көріңізші. Әсіресе сөм­ке мен етіктеріне. Қазақы орнаменттер кө­зі­ңізге оттай басылары сөзсіз. Ал Корей елі­нің сериалдарын жібермей көретін ағайындарымыз олардың киімдеріндегі қазақша оюларды байқады ма екен? «Тари­­хи кино кейіпкерлерінің киімінде қазақтың қошқар мүйіз оюы қайдан жүр?» деп бас қатырып жатқан жанды тағы таппайсыз. Көшпенділерге тән өрнекті кино түсіруші­лер, суретшілер қайдан алған? Қазақтың оюлары көне түркі ескерткіштерінде де бедерленген. Мұны тарихшыларымыз тайға таңба басқандай дәлелдеп бере алады. Ою-өрнегіміздің шетелде шата­сып жүргені өзіміздің бойкүйездігімізден шығар. Бүгінде ұлттық құндылықтарымызға қызығып, таңдай қағып жүргендер жетер­лік. Әсіресе, шетелдіктер. Ұлтымыздың ажырамас бір бөлігіндей болған жауһар­ларымызға арнайы патент алып үлгерген­дері де бар. Осылайша өткеннен өнеге бо­лып жеткен мұраларымыз өзгелердің қанжығасында кетіп жатыр. Қазақтың қош­қар мүйіз оюы да қолды болып кеткен секілді. Сондықтан да қолымыздағы бары­мыздан айырылып қалмас үшін оюлары­мызға да патент алып, өзімізге меншіктеуі­міз қажет. Ол үшін біраз тер төгуге тура ке­ле­рі хақ. Сан ғасырлар бойы ұлттық құн­дылық болып жойылмай келген дүние­лерден жаңа ғасырда айырылып қалсақ, онда біздің кім болғанымыз? Бұрынғының жәдігерін бүгінге жеткізген ісмер шеберлер азайды. Олардың бай тәжірибесін үйреніп, алып қалайық деп жанталасып жатқандар жоқтың қасы. Сонда олардың ерен еңбегі бүгінге дейін жетті. Ал ертеңге жете ме? Ұлттық өнеріміздің бір түрі тарих тасасында қалып кете бере ме? Әлде ұлттық ою-өр­нектен хабары жоқ жандардың қойыртпақ­тарымен ары қарай «дами» ма? Сауал көп, жауап жұтаң…
 Күлипа ЖҰБАНИЯЗОВА, суретші-гобеленші:
– Ұлттық қолөнер саласында ою-өрнектің неше атасы бар. Сан мыңдаған ою-өрнектің атынан да адам шата­сардай. Осы өнер түріне бір жанашыр қажет-ақ. Ол тек мұра­жай­дың төрінде ғана тұруы тиіс емес. Ұлттық қолөнер саласы бойын­ша жоғары оқу орында­рынан арнайы бөлімдер ашу керек. Сонда ғана осы салаға   қызығушылардың санын арттырып, өткеннен бүгінге жет­кен қолөнер түрін сақтап қала аламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста