Кеше елордада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Түркі өркениетінің екі ойшылы: Қожа Ахмет Ясауи мен Юнус Эмре» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Оқу орнының баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға белгілі түркітанушы ғалымдар, әдебиетшілер мен студенттер қатысып, түркі руханиятының қос алыбы туралы өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Бұл шара түркі дүниесінің ұлы ғұламасы, ойшылы, ақын, ағартушы Қожа Ахмет Ясауи және оның Түркиядағы ізбасары, шәкірті, ақын, рухани мұрасын жалғастырушы Юнус Эмренің шығармаларындағы діни көзқарас пен руханилық шеңберіндегі ортақ мүдделерді және осы екі түркі әлемінің ғұламаларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Дөңгелек үстел барысында жалпы түркі әлемі әдебиетінің бүгінгі зерттелуі мен насихатталуы, көне еңбектердің әр тілге тәржімалануы мен ғылыми тұрғыда талдануы мәселелері сөз болды. Бүгінде Ахмет Ясауи шығармалары түрік тілінде жарық көріп жатса, қазақ ғалымдары мен қаламгерлері Юнус Эмре сынды түрік ойшылдарының еңбектерін қазақ тіліне аударып, өз оқырмандарымызға таныстыруда.
Танымдық сипаты мол әдеби кездесуді Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы және мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы бірлесіп өткізді.
Ойшылдар жайлы ойталқы
Последние статьи автора