«Оян, қазақ» – жастарымызға мәңгілік тақырып

Алаш азаматы Міржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай №136 Міржақып Дулатов атындағы орта мектеп және «Ел-шежіре» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Алаштың айтулы азаматын мектеп балаларына таныту мақсатында конференцияға ғалымдар, әдебиеттанушылар қатысты.


«Елім деп соққан ұлы жүрек» деп кон­фе­ренцияның тақырыбы бекітіліп, Мір­жа­қып Дулатовқа арналған басқосуда оның өмір жолына тың көзқарас қалыптастыру, мір­жақыптану ілімін жандандырып, жас­тар­ды патриоттыққа тәрбиелеу, Алаш зия­лыларының өмірін кейінгі ұрпаққа на­си­хат­тау ғылыми-практикалық кон­фе­рен­цияның мақсаты болды. №136 орта мек­теп­тегі Міржақып Дулатовқа арналған мұра­жай қалалық орта мектептер арасынан таңдалған ең мықты мұражайлардың бірі екен. Оны қалалық орта мектептер де мойын­дапты. Алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова мектеп ұжымына аталған мұра­жай­ды оқушыларға арнап дәріс оқитын бөлме қылуды жүктеп отыр. Өйткені Алаш қайраткерінің тұлға­сы­на арналған бөл­менің аурасында өзге­ше­лік бар, қай­раткерлік рух бар. «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, өткізбей қа­раң­­ғыда бекер жасты» деп қайраткердің өзі оқушыларды бақылап отырғандай бо­лады, – деді ғалым. Әдебиетші-ға­лым­дар­дың ай­туын­ша, Міржақып Дулатовтың «оян, қазақ» концепциясы қазақ жастарына мәңгілік тақырып бола алады. Қайраткердің ұйық­тап жатқан халықты оятуы, оған ағар­тушы ретінде бағыт беруінің өзі – феномен. XX ғасырдағы оқ бойы озық тұрған мем­ле­кеттердің қатарынан қазақ елін көргісі келген ол ағартушы ретінде білімге жете көңіл бөлді.
Дидахмет ӘШІМХАН, жазушы, халық­ара­лық «Алаш» сыйлығының иегері, «Ел-ше­жіре» қоғамдық қорының төрағасы:
– Бүгінде қазақ зиялылары туралы әң­гіме көп. Шын мәнінде, қазақ зия­лы­ла­рының көшбасшылары өткендегі Алаш қайраткерлері болатын. Ал енді осы­лардың өмір бойы аңсағандары – Тәуелсіздік. Олар айқасты, күресті, бірақ жеңілген сияқты көрінді. Бай­қа­сақ, олар жеңілгенімен, олардың рухы же­ңілмеген екен. Міне, солардың ар­ма­нына қазір біз жетіп отырмыз. Мен өз басым мір­жа­қыптанушы емеспін. Мә­дениет ми­нистрлігінің қоғамдық-саяси депар­та­менті тендерлер жа­рия­лайды. Сол тен­дер­лерде біз алаштануға қа­тысты жо­ба­ларды ылғи жеңіп алып жүрміз. Биыл Бауыржан Момышұлының 100 жыл­ды­ғына байланысты кон­фе­рен­циялар, бас­қосуларды ұйым­дас­ты­рып келеміз. Тәуел­сіздікке қатысты соң­ғы шарамыз бүгін Міржақыпқа арналып отыр. Осы­ның барлығы болашақ ұрпақ, ел үшін керек, солардың құлағына жете берсін де­ген мақсатымыз бар. Енді ал­да­ғы уа­қыт­та «Міржақып атаның базар­лығы» деген тақырыпта суретті альбом шы­ға­рамыз. Оны мектептердің бар­лы­ғына таратамыз деген жоспарымыз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста