Дін жолына түсем деп, адасқан қазақ жастарының тағдыры алаңдатарлық. Осы аптада «Нысана» ақпаратты-сараптамалық бағдарламасының тілшілері діни сауат ашу мақсатында шетел асып, азапқа тап болған отандастар тақырыбын қозғайды.
СТЭНД АП:
Бақыт ШОЙЫМБЕК:
СҰЛУ БОЛАМ ДЕП, ПЛАСТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯҒА ЖҮГІНЕТІНДЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
– Қазір қыз-келіншектер сұлулығын арттырамын деп пышаққа түсуге бар. Қазақ қыздары арасында сықси көздерді үлкейтемін деп, пластикалық операцияға жүгінетіндер көбейген. Ботадай көздің бағасы – 500 доллар. Голливуд әртістеріне еліктеп, Памела Андерсонның «омырау өлшемін» салдыртуға еліткен қыздар пластикалық хирургқа жиі жүгінетін болыпты. Аршын төстің ең төменгі құны – 600 мың теңге. Пластикалық операцияны қазақ әйелдері арасында бірінші болып жасатқан кім? Сұлулықтың құнын білгіңіз келсе, сенбі, жексенбі күндері «Нысана» бағдарламасын қараңыз, қапы қалмаңыз.
Ең өзекті әрі өткір мәселелерге қанығып, қызықты жаңалықтар жайлы көбірек білгіңіз келсе, «Жетінші телеарнадағы» «Нысана» бағдарламасын көріңіз!
СЕНБІ, 22.30-да
ЖЕКСЕНБІ, 14.30-да
(Астана уақытымен)
Қараңыз, қапы қалмаңыз!
«Жетінші арнада» жүздескенше, қадірлі Алаш жұрты!