"Нысаналық" Мәди кімді алдап соқты?

Бір-бірін алдап, өзгелерді күлкіге кенелту 1 сәуір - күлкі күнінің басты ерекшелігі. Өнер адамдары да бұл күнде біреуге алданады, біреуді алдайды. Көпшіліктің көзайымына айналған "Нысана" театрының әртісі Мәди Төреқұлов мерекеде нағашысын оңдырмай алдап соғыпты.

"Аталмыш мерекенің қайдан, қашан шыққанынан бейхабар екенмін. Біреулер әйтеуір, мұсылман қауымның мейрамы емес деп жатады. Бірақ біз ес білгелі бұл күні адамдар бірін-бірі алдап, қалжыңдасып жатады. Ел арасында 1 сәуір күні ешкімше сенбе деген қағида қалыптасқан. Мерекенің тарихы қайдан шықса да бұл қоғамға қажет дата деп есептеймін. Себебі адамдарға күлкі қашанда керек.

Бірде нағашыммен әзілдесейін деп шештім. Ол кісі Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай деген ауылында тұрады. Ал әке-шешем Сарыағаштың өзінде. Мен болсам Шымкенттемін. Мереке күні таңертең нағашыма хабарласып: «Жетісайға баратын таксиге зат салып жіберген едім. Жол-жөнекей үйге тастап кетуге шопырдың есінен шығып кетіпті. Кері қайтуға уақытысы жоқ. Жетісайдан Сарыағашқа басқа көлікке салып жіберіпті. Сол затты Сарыағаштан күтіп алатын адам болмай тұр. Ағатай, мүмкіндігің болса өзің күтіп ала салшы. Такси қазір барып қалады» дедім. Аңқау нағашым сөзімді екі етпей «мақұл» деді. Арадан жарты сағат өткен соң телефоныма хабарласып «Мәдижан, көлік қашан келеді?» деп сұрап қояды. Мен «міне, міне, Сарыағашқа кіріп келе жатыр. Тұра беріңіз» деп өтірікті шындай сапырып тұрмын. Содан телефоныма тыныштық жоқ. Әр он минут сайын звандап жатыр. «Келе жатыр» деп жұбатып қоямын. Ақырында телефонның арғы жағынан шыдай алмай айғайлап күліп жібердім. «Нағашы, бүгін 1 сәуір ғой. Жиенге неге сенесіз?» дедім. Бір жарым сағат босқа күткен ол бұл қалжыңыма ренжіген жоқ. Тек жұмыстан кешігіп қалғанын бетіме басты",- дейді ол.

Ал, сіз, айлаңызды кімнен асырдыңыз?!

 

Дайындаған: Айнұр Асанқызы 

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста