Елімізде көпбалалы жұлдызды әкелер саны артуда. Жақында ғана Қалқаман Сариннің төртінші перзенті дүниеге келсе, енді міне, «Алдараспан» театрының басшысы, асаба, актер Нұржан Төлендиев бүгін бесінші рет әке атанып отыр. Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» басылымы хабарлайды. Актер ұлына Таулан деген есім берген.
Естеріңізге сала кетсек, Нұржан Төлендиевтің екі қызы мен екі ұлы бар. Үлкен ұлы Рауан қазіргі кезде актердің өзімен бірге сахнаға шығып, әншілік қырынан танылып жүр.
Өз кезегімізде Нұржан Төлендиевке сәбидің бауы берік болсын деп тілейміз!