Халық арасында Тука лақап атымен танылып кеткен белгілі актер Нұржан Төлендиевтің отбасында қуаныш. Өнер иесі атұстары Марғұланды сүндетке отырғызып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Айта кетейік, Төлендиевтің соңынан ерген алты перзенті бар. Олардың төртеуі ұл, екеуі қыз.
Күні кеше Нұржан Марғұлан есімді ортаншы ұлына арнап дүркіретіп той жасады. Төлендиевтің қуанышына Кенжебек Жанәбілов, Жанболат пен Жазира, Заттыбек, Нұрлан Еспанов сынды өнер иелері қатысқан.
Сондай-ақ, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің әкелері де Туканың қуанышына ортақтасып қайтқан.
Естеріңізге сала кетсек, Төреғали мен Қайраттың өзі күні кеше Мейрамбектің Бесбаевтың туған күнінде болған еді.