«Нұржан маған ауыр сөз айтты, театрдан сол үшін кеттім» - Жұлдызай Дүйсенбиева
"Мен өзімді ұятты іс істеп жүрмін деп ойламаймын".
Актриса, театр әртісі, Жұлдызай Дүйсенбиева сұхбат берді.  Бір кездері "Шаншар", "Алдараспан" театрларында өнер көрсеткен актриса сол кезеңдегі бастан өткергендерін еске алды. Нұржанмен болған жанжал туралы ашық айтты. 
Бұл туралы "OYBAY SHOW" бағдарламасында айтылды, деп жазды Stan.kz. 
Жұлдызай ханым қазір әлеуметтік желіде вайн түсіріп жүр. Бос уақытында үй шаруасымен айналысатынын айтқан актриса қазір заңды жұмыс істемейді. Театрдан кеткелі 11 жылға жуық уақыт өтті. 
"Мен 2009 жылы тетрдан кеттім. Ол кезді еске алғым келмейді. "Уәлибек не деді? Нұржан не айтты? Теардан неге кеттің?" деген сұрақтардан мезі болдым. Анығын айтайын, маған Нұржан ақша төлеген жоқ. Аз емес, тіпті, мүлде ақша төлеген жоқ. Одан бөлек ауыр сөз айтты. Мен оның бір сөзін көтере алмадым. Ол жұлдыздықтан емес, намысыма тиетін сөз болған соң кеттім. Оның не екенін ашып айтпай-ақ қояйық. Маған Нұржан хабарласып, "ішкі мәселені сыртқа шығарма, ешкімге айтпа" деген жоқ. Мен тек ол нәрсені айтқым келмейді. Ол кезді еске алғым да келмейді", - деді Жұлдызай.
Жұлдызай Дүйсениева бастапқыда "Шаншар", кейін "Алдараспан" театрында жұмыс істеді. 30 жасында тұрмыс құрды. Өнер әлеміне біржола кететінін айтып, көпшілікпен қоштасқан еді. Қазір желіде вайндарымен танымал. 
"Маған неге театрда жұмыс істемейсіз? Вайн түсіріп жүргеніңіз не? Вайн жағалап кетіпсіз ғой" деп жазатындар көп. Мен өзімді ұятты іс істеп жүрмін деп ойламаймын. Сахнада да көрсеткенім өнер, вайндағы да өнер. Масқара болған ештеңем жоқ. Маған өзіме ұнайды. Уақытым да көп кетпейді. Табыс та табамын. Үйіме де, күйеуіме, қызыма да уақыт табамын", - деді актриса.