Әнші Нұржан Керменбаев жақында ғана дүниеге келген сәбиін әзілге айналдырды.
"Қолы менікінен де қап-қара ма деп қалдым. Таныс болыңыздар - Омар Нұржанұлының қолы. Періштелеріміз, балапандарымыз аман болсын" - деп жазған ол өзінің инстаграм парақшасында.
Суреттен жаңа туған сәбидің қолының шынымен әкесінікінен де қап-қара екенін байқау қиын емес. Жұрт арасында Қапкарашка атанып кеткен Нұржанның өзі де осы қызықты жайтты қалжыңға балап, тыңдармандарын бір қуантып тастады.
Әншінің бұл жазбасын оқығандар "қара десе, қара бала", "қара балашка", "бауы берік болсын" деген сияқты пікірлер қалдырған.