Елорда күні қарсаңында Ұлттық академиялық кітапхана қоры Елбасымыз туралы тағы бір кітаппен толықты.
Ұжымдық монография ретінде жарық көрген бұл кітапта ҚР Президенті әрі Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ассамблея сессияларында сөйлеген сөздерін негізге алып, бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы қалай қалыптасып, дамығаны жан-жақты көрсетілген. Этносаралық қатынастар саласының жаңару-даму бағыттарына, қоғамдық келісімді қалыптастыру кезеңдеріне талдау жасалған.
Кітапта сондай-ақ шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің Қазақстандағы ұлттық саясаттың даму үдерістеріне, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісіне қатысты айтқан ой-пікірлері де берілген.