"Нұрмұқасан" неге тарады?

Жақында отандық БАҚ өкілдері ұзақ жылдан бері қазақ сахнасында өнер көрсетіп келе жатқан танымал топтың «Нұрмұқасанның» тарап кеткенін жарыса жазды, дейді BAQ.kz тілшісі.

Өткен жылы Тәуелсіздік күніне орай әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік марапатқа ие болған 200-ден астам қазақстандықтардың арасында осы дуэттің мүшесі Мұқасан Шахзадаев та болған еді. Бірақ екінші дауыста ән шырқап, домбырасын тастамайтын Нұрлан Қонысбаевқа бұл атақ бұйырған жоқ. «Нұрмұқасан» тобы туралы деген әңгіме өткен жылдың соңында пайда бола бастаған еді. Яғни Мұқасан Шахзадаевтың қайраткер атануынан кейін.

Дәл осындай жағдай «Мұзарт» тобындағы Сәкен Майғазиевтің де басынан өткен екен. Ол бірақ жалғыз өзіне берілетін атақтан бас тартқан көрінеді.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші Сәкенге ұсынылған көрінеді. Ол өтіп тұрыпты. Алайда сыйлықты алып кетуге шақырған кезде, Сәкен оның Мейрамбекке берілмейтінін біліп, бас тартқан көрінеді.

"Мені «Жас Отаннан» ұсынған. Содан кейін мен соңғы сәтте, Мейрамбектің жоғын түсіндім. Сосын жоқ, маған керек емес дедім», – дейді С. Майғазиев.

Кейіннен топтағы үш әншіге де осы атақ берілген. Бәлкім «Нұрмұқасан» тобының тарауына осындай атақ жолындағы тартыс әсер етті ме екен?

Мұқасан Шахзадаев жақында «Астана» арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат бергенде қазіргі таңда Нұрлан Қонысбаевтың қайда және немен айналысып жүргенінен бейхабар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлаған еді.

«Нұрлан қазір өз шығармашылығымен, мен өз шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Бұған дейін де айтылған болатын. Бұл тек Нұрлан екеуміздің арамыздағы әңгіме. Оны жарнамалағым келмейді. 26 жылдың ішінде бір-бірімізді кешірмейтіндей жағдай болған емес, десе де кішігірім түсініспеушіліктер болды. Бір жағы 26 жыл қатты кетпей, шыдап келген сияқтымыз. Қазір Нұрлан жайлы ештеңе айта алмаймын. Бейхабармын. Тосын-сый әзірлеп жатқан шығар. Бір күні жарқ етіп шыға келуі де мүмкін. Ол өзі тосын-сый жасағанды жақсы көретін адам»,– дейді Мұқасан Шахзадаев.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста