"НұрМұқасан" дуэті енді бірікпейді. 26 жыл бойы шоу-бизнестің шыңын бірге бағындырған Нұрлан мен Мұқасан жеке-жеке өнерлерін жалғастырмақ. Алайда, топтың тарауы, әсіресе, Нұрлан Қонысбаевқа ауыр тиіпті.
Нұрлан Қонысбаев, әнші:
– Бір жарым айдай жатпай тұрмай баяғы әндерімді есіме түсірдім. Қиын болды бірақ.
Дегенмен, Нұрлан қол қусырып отырар жайым жоқ деп жанына қызылордалық Исахан есімді әншіні серік етіп алған. Оның басқа әншілерден ерекшелігі баянда жақсы ойнайды.
Исахан:
– Ән айту туралы ұсынысты Нұрлан аға жасады.
Бүгінде Нұрлан мен Исахан ән қоржындарын жаңарту үстінде.
Нұрлан Қонысбаев:
– Әндерімізді жанды дауыста орындаймыз.
Халықтың көңілінен шықса, тіпті Республика Сарайында жеке кештерін де өткізу ойларында бар.