Танымал әнші, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушылардың бірі Ермек Әбілдаев Нұрғиса Тілендиевтің қызы, бас дирижер Динара Тілендиеваға қатысты мәдениет министріне хат жазды.
Ермек Әбілдаев өтінішінде Нұрғиса Тілендиевпен бірге оркестрдің әншісі ретінде 18 жыл қызметтес болып, оркестрде 32 жыл еңбек атқарғанын баяндай келе, қазіргі бас дирижер Динара Тілендиеваның оны оркестрге жолатпай қойғанына шағымданады, — деп жазады “Қала мен дала” газеті.
Әншінің айтуынша, ол Нұрғиса Тілендиевтің басқаруымен бірнеше дүркін жеке шығармашылық концертін өткізген. Оркестрге байланысты күрделі мәселелердің бел ортасында Тілендиевпен бірге болған. “Шындықты айтатын болсам, ендігі мәселе Динараға (Дінзухра) байланысты. Оны жұмысқа алу оңай болмады. Филармония әкімшілігі және коллектив оны қолдамады”, – дейді Әбілдаев жазбасында.
Ермек Әбілдаев Мұхтар Құлмұхаммед мәдениет министрі болып тұрғанда, Динара Тілендиеваны “Отырар сазының” бас дирижері етіп сайлауға өзі атсалысқан көрінеді. Тіпті филармония ұжымының қарсылығына қарамастан, Динараның министрдің алдында өнер көрсетуі үшін “қасарысып тұрып алған”.
“Қайтсек те Динараны министрге көрсетуіміз» керек дедім. Филармония әкімшілігі «оны министрге көрсетуге болмайды, шикі, тәжірибесі жоқ ұятқа қаламыз» деп шықты. Мен қасарысып тұрып алған соң, шықса да «Ата толғауымен» шықсын деді. «Жоқ! Махамбетпен шығады», дедім. Оған өзі дайындалған. Мемлекеттік емтиханда дирижерлық жасаған”, – дейді әнші хатында.
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ ҚЫЗЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ ДА ШУ ШЫҚТЫ
Танымал әнші, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушылардың бірі Ермек Әбілдаев Нұрғиса Тілендиевтің қызы, бас дирижер Динара Тілендиеваға қатысты мәдениет министріне хат жазды.
Ермек Әбілдаев өтінішінде Нұрғиса Тілендиевпен бірге оркестрдің әншісі ретінде 18 жыл қызметтес болып, оркестрде 32 жыл еңбек атқарғанын баяндай келе, қазіргі бас дирижер Динара Тілендиеваның оны оркестрге жолатпай қойғанына шағымданады, — деп жазады “Қала мен дала” газеті.
Әншінің айтуынша, ол Нұрғиса Тілендиевтің басқаруымен бірнеше дүркін жеке шығармашылық концертін өткізген. Оркестрге байланысты күрделі мәселелердің бел ортасында Тілендиевпен бірге болған.
“Шындықты айтатын болсам, ендігі мәселе Динараға (Дінзухра) байланысты. Оны жұмысқа алу оңай болмады. Филармония әкімшілігі және коллектив оны қолдамады”, – дейді Әбілдаев жазбасында.
Ермек Әбілдаев Мұхтар Құлмұхаммед мәдениет министрі болып тұрғанда, Динара Тілендиеваны “Отырар сазының” бас дирижері етіп сайлауға өзі атсалысқан көрінеді. Тіпті филармония ұжымының қарсылығына қарамастан, Динараның министрдің алдында өнер көрсетуі үшін “қасарысып тұрып алған”.
“Қайтсек те Динараны министрге көрсетуіміз» керек дедім. Филармония әкімшілігі «оны министрге көрсетуге болмайды, шикі, тәжірибесі жоқ ұятқа қаламыз» деп шықты. Мен қасарысып тұрып алған соң, шықса да «Ата толғауымен» шықсын деді. «Жоқ! Махамбетпен шығады», дедім. Оған өзі дайындалған. Мемлекеттік емтиханда дирижерлық жасаған”, – дейді әнші хатында.
“Бұл Тілендиевтің оркестрі, Динара – Тілендиевтің қызы. Сондықтан бүгіннен бастап, оркестрдің бастығы Динара болады», –деді. Біз қуанып кеттік”, – деп әңгімесін жалғастырды Ермек Әбілдаев.
Динараның бас дирижер болуына белсене кіріскен әнші енді Тілендиевтің қызы өзін оркестрдің концерттеріне қатыстырмайтынына кейіді. Тіпті Нұрғисаның 90-жылдығына арналған кеште де Ермек Әбілдаев сахнаға шыға алмаған.
Мүлдем Нұрағаңнан тумаған сияқты! Нұрағаңның бірде-бір қасиеті оған дарымаған
“Қай жағынан алсаңыз да, Нұрағаңмен екеуінің арасы жер мен көктей. Мүлдем Нұрағаңнан тумаған сияқты! Нұрағаңның бірде-бір қасиеті оған дарымаған”, – дейді әнші.
Әншінің пікірінше, Нұрғиса концертке дайындықсыз ешқашан шыққан емес. Динара болса өзінің творчестволық деңгейіне қарамастан, концертке еш дайындықсыз шыға береді. Жұмысқа айлап келмейді. Ұжыммен жұмысы жоқ, коллектив туралы ойланбайды.
Жазбасының соңында Ермек Әбілдаев министрден «Отырар сазы» оркестрімен жеке шығармашылық концертін өткізуге қолдау көрсетуін өтінген.
Фото: dalanews.kz, voxpopuli.kz
Дереккөз: NUR.KZ