«Нұрғали Нүсіпжанов братанымыз «подкаблучник» болып кеткен екен» - Жан Ахмадиев
«Өнердегі жасы үлкен әншілерімізге хабарласып, халін білудің өзі кейде ыңғайсыз көрінеді. Коронавирустан өліп қалған жоқсың ба деген сияқты», - дейді ол.
Қазір «Атың шықпаса хайп жасаның» заманы. Патриоттық әндерімен де, хайпымен де елге танылған Жан Ахмадиев тағы да даудың ортасында. Бұл жолы ол Нұрғали Нүсіпжанов жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы «Ел аузында» айтылды. Нұрғали Нүсіпжанов сексеннен асқан шағында шаңырақ құрып, өзінен бірнеше жас кіші журналист қызды жар еткені белгілі. Жас қызға үйленген деп әншіні де, байлығы үшін етегінен ұстады деп Жадыра Сейдешті де көпшілік сынға алып жатты. Ал Жан Ахмадиев қазір Нұрғали Нүсіпжановқа жас әйелі телефонын да ұстатпайды деген пікір айтты.
«Қазір елде төтенше жағдай екені, вирус тарап жатқанын білеміз ғой. Өнердегі жасы үлкен әншілерімізге хабарласып, халін білудің өзі кейде ыңғайсыз көрінеді. Коронавирустан өліп қалған жоқсың ба деген сияқты. Мысалы, Нұрғали Нүсіпжанов братанымызға хабарласайын десең, жас қатыны телефонын бермейді екен. Ол кісі сондай «подкаблучник» болып кеткен екен», - деді Ахмадиев.
Атышулы рэпердің айтуынша, қазіргі саны көп әншілердің бәрі – сайқымазақтар. Олардың онлайн концерті ешкімге керек емес деген пікірде.
«Қазір теледидарда әншіден көп ешкім жоқ. Олар кімге керек? Желі қолданушылары жазып жатады, «дым даусың жоқ» деп. Тым құрығында, карантин кезінде жылтыңдамайтын жөні ғой», - дейді ол.