Жас әнші Нұрболат Абдуллин қолына ақ құсын қондырды.
Осыған дейін өнер иесінің шаңырақ көтеруді жоспарлап жүргенін жазған болатынбыз. 1 тамыз күні ол салт-дәстүр бойынша сүйіктісін ұзатып алды.
«Сүйгенің қайда» деп ән шырқаған сері жігіттің жүрегін жаулаған сұлудың есімі — Гүлфарида. Болашақ жарын Нұрболат алыстан ізмеген екен. Айтпағымыз, ару да өзі секілді Ақтөбе облысының тумасы.
Алдағы екі жастың үлкен тойы қашан болатыны белгісіз. Дегенмен, ол күн де алыс емес сияқты.
Нұрболат пен Гүлфариданы құттықтаймыз және бақыт тілейміз!
baistars.kz