Миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған "91 тобы" тарауы мүмкін. Себебі "JUZ Entertainment" компаниясы бойз-бендпен арадағы келісім-шартты тоқтататын болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
"Ninety one" — JUZ Entertainment компаниясы құрған топ.
Алғашқы кезде топ құрамында бес адам ән салған. Алайда лақап аттарымен танылған топтан екі жыл бұрын әнші Азамат Зенқаев шығып кеткен еді. Ал енді Ninety one мүлдем тарауы мүмкін.
JUZ Entertainment компаниясы мен "Ninety One" тобының арасындағы келісім-шарт тоқтатылады. Компания мен топтың ортақ жұмысы ары қарай жалғаспайды, — деп жазды JUZ Entertainment компаниясындағылар.
Бұл топ 2015 жылы құрылған. Сол жылы шыққан "Айыптама" әні музыкалық чарттардың көшін бастады. Осы ән Q-pop бағытындағы топтың жұлдызын жақты. Кейін "Қалай қарайсың?", "Құрттың ғо тағы", "Мұз" атты әндері хитқа айналды.