Несие той – несімен той?!

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Әттең, әлемде бес құрлықтың басын қосқан олимпиада секілді той жарысы жоқ. Егер дүниежүзінде той жарысы өтетін болса, қазақ бас жүлдені шаппай-ақ алар еді. Үйсіз-күйсіз жүрсе де, той жасау  тек біздің елдің ғана қолынан келеді. Миллиондап несие алып, оны кемі – 150, көбі  1000 адамға шашып жіберіп, сосын жылдап,  банкке берешек болатын да біздің қожанасыр – қазақ...
Әрине, тойдан айырмасын. Той – қы­зық-қуаныштың белгісі.  Сондықтан да қа­зақта тойдың түр-түрі бар. Бірақ біз бүгін со­ның ішіндегі адамның өміріндегі ең ма­ңыз­ды той – үйлену тойының каль­куль­я­ция­сын жасап көрмекпіз. Ең әуелі жылына қанша жас некелесетіндігі туралы дерекке үңі­лейік. Жұртқа жария етілген мә­лі­мет­терге сенсек, Қазақстанда жылына 100 мыңнан астам адам некеге отырса керек. Ал оның шамамен әрбір үшіншісі жыл сайын ажырасып тынады екен. Сонда ата-ананың бар жиған-тергені далаға су болып ағып кетті дей беріңіз. Бұның моральдық жағын айтпағанның өзінде, экономикалық салмағы бес батпан.
«Қарыз ал да, әйел ал. Қарызыңнан құтыласың, әйелің қасыңда қалады...» ма?!
Ата-бабамыз айтып кеткен бұл мәтелге кү­мәнмен қарағанымыз емес. Бірақ бүгін­гі­нің бетімізге шыжық болып басылған шын­дығы осыған сайып тұр. «Ұлым үй­ленді, қызым теңін тапты!» деп, есі шыға қуа­натын қазақ баласының мәртебесі биік, ме­рейі үстем болуы үшін барын да, жанын да салады. Банкінің несиесі де  қал­та­сы тесік, табысы кем қарапайым жұртқа ға­на арналған. Несие көбейгелі той да кө­бейді. Қомақты табысы болмаса, ба­сындағы баспанасын банкке кепілге қо­йып, той жасап жатқандар жетіп-артылады. Әл­бетте, бауыр еті баласынан аянып қал­сын ба? Бірақ бір әттеген-айы сол несиеге ж­а­салған тойдың соңы көбіне-көп ажы­ра­су­мен тынып жатқандығы. Оған жоғарыда атап көрсеткен және төмендегі  деректер дә­лел. 
Бейресми ақпараттар елімізде ең көп үй­лену тойы Оңтүстік Қазақстанда деседі. Оң­түстік Қазақстанда – 24 мың, Алматы об­лысында – 18 мың, Алматы қаласында – 14 мың, Қарағанды облысында – 13,2 мың, Шығыс Қазақстан аймағында – 12,7 мың неке қиылыпты бір жылда. Ең азы – Сол­түстік Қазақстан облысы – 5 мың екен. Ең көп ажырасқандар   Алматы қаласында – 5500, Қарағанды облысында – 4,9 мың, Шы­ғыс Қазақстан облысында – 4,5 мың дей­ді. Ал бұларға себеп – қаржылық қиын­дық, тым ерте үйлену, жұмысқа ор­на­ласу қиындығы, баспананың болмауы деп­ті сараптаулар. Енді осы арада мә­селенің түйіні тойға барып тіреледі.
Білгішсінгеніміз емес, шашылып-тө­гі­ліп, миллиондаған қаржыға той жа­са­ған­ша, жас жұбайлардың басына екі жақ бі­рігіп, үй сатып әперсе немесе алғашқы жар­­на етіп, банкке төлеп берсе, мүмкін ажы­­расудың бір себебі кеміген болар ма еді, қайтер еді дейді ғой баяғы ішкі ойы­мыз...
«Ой деген-ау, ой деген, қандай жақсы той деген!!!»
«Тойдың болғанынан боладысы қы­зық». Қызық дегеннен гөрі, қып-қызыл шығын деген дұрыс шығар қазіргі таңда. Ең бірінші қазақ тойының басын ұл мен ке­лінге той киімін алумен бастайды. Сөйтіп, той­ға арналған әмиян айқара ашылады. Со­сын... түбі көрініп барып, бір-ақ тынады (Айт­пақшы, айтуды ұмытып барады екен­біз. Бұл есеп қарапайым халықтың қал­та­сымен есептеліп отыр. Бай-бағландарға қа­тысы жоқ.  Балаларының тойын шетелге апарып жасайтын байларда шатағымыз жоқ).
Сонымен, қарапайым халық той жа­са­уы үшін жоқ дегенде 1,5 - 2 миллионға жуық теңге керек. Оның ішінде киіті, ка­фесі, сый-сияпаты, қайтармасы дей­тін­де­рін қо­са есептегенде. 1,5 миллион теңгеңіз 10 мың АҚШ доллары, 2 миллион теңге 15 мың АҚШ доллары. Бұл келін түсіріп отыр­­ған жұрттың шығыны делік. Дәл осын­дай жо­бада ұзатылар қыздың шығыны та­ғы бар. Сонда екі жақтың  бар шығынын қос­­қанда 30 мыңға жуық АҚШ доллары. Аз ақша ма? Әрине, қарапайым жұрт үшін аз ақша емес.
Ал енді үйдің бағасына келейік. Үйдің бағасы бір бөлмелік бүгінде Қарағандыда (сұранысқа ие шағын аудандарда) 30 мың АҚШ долларынан басталады. Енді екі жақ ас та төк, той жасап, төгілмей-ақ нарықтың пар­қымен жастарға құрыды дегенде, бір бөлмелі үй алып берсе, жас отбасының іргетасын берік құюдың бір қадамы емес пе? Сонда ажырасудың да басты бір түйт­кілі шешілетіндей ме қалай?!.
Жансая БОРАНБАЙҚЫЗЫ, қала тұрғыны:
– Үйлену тойы адамның ғұмырында бір-ақ рет болатын той емес пе?! Сон­дықтан той жасалуы тиіс деп ойлаймын. Әри­не, ысырап ету артық. Бірақ шама-шар­қынша жөн-жобасымен той жа­сал­ғаны жөн. Бірақ әркім өзінің әліне қа­райды емес пе? Алайда әліне қарамай тыраштанып, соңында қарызға батып отыратындар да жоқ емес. Сондықтан әркім әліне қарауы керек секілді.

«Үйлену- оңай, үй болу- қиын»
Бұл күні мамандар халықтың әлеуметтік проблемалар салдарынан күйзеліске көп ұшырайтынын айтады. Жан күйзелісі мен жүй­кенің жұқаруын күн сайын екінің бірі ба­сынан өткізеді. Соның әсерінен талай ша­ңырақ ортасына түсіп, талай адам өз-өзін жоғалтып алып жатыр. Кеше бір-бірін көр­месе тұра алмайтындай күй кешіп үй­ленгендер сол әлеуметтік мәселелермен бет­пе-бет келгенде ата жаудай қастасып, ажы­расуда. Содан қоғамда жалғызбасты ер-азамат пен жалғызбасты әйел көп.  Ал ол әлеуметтік проблемалардың ұшар басында тағы баспана тұр. Баспананың құны күн сайын шарықтап барады. Мәселен, Қарағандының өзінде баспана құны былтырғы жылы 14 пайызға өсіпті. Екінші деңгейдегі банктер арқылы несие алу үшін жалақы қомақты, көлемді болуы шарт. Ондай жұмыс екінің бірінде жоқ. Елдің көпшілігі 40-50 мың теңге арқылы күн көріп отыр. Бұдан кейін жас жұбайларға қайдағы баспана?!

Қызық дерек
Mojazarplata.kz әр елдің тойын салыстырыпты. Сонда ең арзан той Украинада анықталыпты. Онда той 360 мың теңгеге түседі екен. Бұл Қазақстанға қарағанда үш-төрт есе арзан. Ал Әзірбайжанда адам басына 7 мың теңге екен. Сонда Әзірбайжанда бір той 1, 6 миллион теңгеге дөп келеді. Армения астанасында үйлену тойы 1,3 миллион теңгеге түседі  деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста