"Немерем бар": Екі рет үйленген Рүстем Нұржігіт жеке өміріне қатысты шындықты айтты

Көптен бері көрінбей кеткен әнші Рүстем Нұржігіт мәнсіз түсірілімдерге қатысқысы келмейтінін айтты. Ол фонограммамен ән айтатын жерлерге шықпайтынын атап өтті. Сондай-ақ, 44 жасында немерелі болған Нұржігіт отбасындағы қуанышты жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әншінің үлкен қызы жуырда тұңғышын босанған. Осылайша 44 жастағы Рүстем немерелі болып, "ата" статусына ие болғанын айтады. 

Рүстем Нұржігіт жеке өмірін жария етпейтін жұлдыздардың қатарында. Тек бұл жолы әнші екі рет үйленгенін ашық айтты. 

"1995 жылы бір рет үйлендім, бір себептермен ажырасып, кейін басқа жанұя құрдым", - дейді ол.

Әншінің бірінші некесінен бір қызы, ал екінші некесінен бір ұлы өсіп келеді. Айтуынша, бірінші жұбайымен араласпайды. Есесіне қызымен арасы ажыраған емес. 

"Қызым 25-тен асты. Жақында сәбилі болды. Өзім балажанмын. Ажырасқанымызбен, қызыммен арамыз үзілген емес. Қазір барлық жұмысым, назарым бір адамда. Ол менің кенже ұлым. Соны оқытып-тоқытып, бағып жатырмын. 

Ал қызымның анасымен араласпаймын. Тұрмысқа шыққан, шықпағанын білмеймін. Тек "сәлем", "сау бол". Оның өзінің жеке өмірі бар. Бірақ сәлеміміз түзу. Өйткені қызымның анасы", - дейді Рүстем Нұржігіт.

Әнші осыдан 11 жыл бұрын екінші рет отбасын құрғанын айтады. Бүгінде артынан ерген атұстары 8 жаста. Ал жұбайы телевизия саласының маманы. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста