Некеге тұру неге қымбаттап кетті?

Еліміздегі ең арзан өңір саналатын Шымкент те бүгінде қымбатшылықтың құрығына іліккен. Әрине қымбатшылықтың «размері» жоқ екені белгілі. Кез-келген уақытта кез-келген қызмет ақысы қымбаттап шыға келуі ғажап емес. Тіпті «жаңа өмірге ылайық қадам басқан жар-жар» иелерінің бүгінгі некелесуі де айды аспанға бір ақ шығаратындай шаққа жетіңкіреп...қалды.
Тойдың боладысының өзі қызық емес пе, қалыңдық көйлегі, оның керек-жарағы, шаш сәндеуінен басталатын майда-шүйденің өзіне бірталай ақшаңызды суырып беруіңізге тура келеді. Ал салтанатты түрде неке қидыруды қалайтындардың да қалтасына әжептеуір салмақ түседі. Баяғыдағыдай аз-маз ақша шығарып үйлене салу деген бүгінде көрген түстей. Неке сарайының табалдырығын аттағаннан-ақ нарықтың алпауыт көмейі алдыңнан кесе-көлденеңдеп шығады. Бұрындары шымқалада жалғыз ғана неке үйі болатын. Әл-Фараби алаңындағы АХАТ бөлімі бүткіл қалалықтарға қызмет көрсететін. Қарапайым ғана екі залдан тұратын ғимараттың іргетасы қаланғанына да 90 жылдан астам уақыт өтіпті. Басқа барар жер жоқ болғандықтан осы қуықтай тар бөлмеде некесін қидырып талай жас жаңа өмір баспалдағын бастаған-тын. Бүгінде сәні мен салтанаты жарасқан неке сарайы бар. Жас келіннің сәукелесі іспетті архитектуралық шешіммен салынған ғимараттың қызмет көрсете бастағанына да көп бола қойған жоқ. Мұнда неке қидыру салтанаты көп қалалықтарға ауыр тиері анық. 50 мың теңгеден басталады. Салтанатты жағдайда Мендельсон маршының ырғағында өтетін неке қию салтанатының құны да соған сай. Ал Әл Фараби алаңындағы неке үйінде 15 мың теңгеден баталады. Салтанаттың соңғы маршы - шампан ату дәстүріне орамалға түюлі басқа теңге төлейсіз. Ал туған туыстың ортасында тойда неке қидырғыңыз келсе онда АХАТ бөлімінің маманын шақыртып өткізуге де болады. Әрине оның да ақшасы арзан емес. Той кортежіне кететін шығын да шаш-етектен. 50 мыңнан басталып, 350 мыңға дейін жететіндері бар. Ал қос жүректің айырылмас символы ретінде көкке көгершін ұшыру да 2-3 мыңнан басталып тіпті 30 мың теңгеге дейін жетеді. Ия сөйтіп неке қидыру салтанатына кететін шығын шымкенттіктердің біразын шаршататын түрі бар. Ал артық шығын шығарғысы келмейтіндер барлық сән – салтанаттан бас тартса да өзі біледі. Бірақ өміріндегі ең алғашқы қызықты сәтті ерекше етіп өткізгісі келетіндер одан ақшаны аянып қалмасы анық. Ал сауапты іс жасағысы келетіндерге де жол ашық. Жуырда алғаш рет шымкенттік жас жұбайлардың идеясымен ерекше дәстүр бастауын алды. Дос-жаран, туған-туыс сыйға деп берген қаражатқа тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік басқа да қажетті заттарын апарып беру әрине құптарлық-ақ іс емес пе? Мұндай игілікті істің алғашқы авторлары жас жұбайлар - Елдос Қалшабеков пен Мөлдір Қосбармақова. Бірі облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында, ал бірі облыстық қуыршақ театрында жұмыс істейтін жастардың бұл бастамасына алғашында таң қала қарағандар да табылыпты. Үйде некелерін қидырып, үлкендердің ақ батасын алып шыққан олар дос-жарандарымен бірге қаладағы «Достық» ықшамауданындағы әл-ауқаты төмен отбасыларға қажетті азық-түлік - ұн, күріш, сұйық май, қантты қабымен апарып табыстап үлкен сауапты іс жасады. Оларға риза болмаған жан жоқ. Бұрын-соңды мұндайды көрмегендерге алғашында таң көрінгені де рас. Жас жұбайлардың екеуі де ұлттық нақыштағы киім киген. Сәукеледегі ақ желеңі желкілдеп тұрған жас келін иіліп сәлем салып барлық үрдісімізді сақтап, өзгелерге үлгі көрсетті. Жігіттің оюлы бешпент кигені де жарасып-ақ тұр. Айдында жүзген қос аққудай жас жұбайлардың бастамасына сүйсінбегендер кемде-кем. Қажетті заттарды ұсынып, үлкендердің ақ батасын алып шықты. Көмекке мұқтаж жандардың мекен жайын қалалық мешіттегі имамдардан алыпты. Олар да жас жұбайлардың бұл бастамасын қолдап ақ баталарын беріп шығарып салыпты. Мұндай ойды ең алғаш қалыңдық Мөлдір айтыпты отағасыға. «Жаңа өмірді жаңа бастамамен бастасақ, үлкендердің батасын алсақ алдағы өмірге деген алғыстың үлкені сол ғой» дейді Мөлдір. Ал игілікті іске бірден қолдау білдірген отағасы Елдос болса: «Ысырапшылдыққа жол бермей, жоқ-жітікті де естен шығармай осылай сәл де болса көмек қолын созсақ сауаптың үлкені сол емес пе? Үлкендердің берген ақ батасы болашаққа бастар даңғыл жолдың бастауы сол болмақ. Бізден кейінгі жастар да игі бастаманы іліп әкетсе алғыстан басқа айтарымыз жоқ» дейді. Мұндай бастама өзгелерге үлгі болса игі... Ия, не болса да Шымкент жақтан шығады. Бірақ көпшілік ойлайтындай жаман жағынан емес, жақсы жағынан...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста