Танымал әзілкештер "Kesh You" тобының "Swala-la-la" әніне пародия жасап, елді күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Қызық Times" әзілкештері "Әскерде - Эщкере" әнін орындап, бейнебаян түсірген.
"Әскерде, семіз болма", "Әскердің жігіттері хайп дегенді білмес", "Біз қазақтың жігіттері, жолдан кетш", "Семіз болма, сен, семіз болма", "Қасыңда болмайды сенің мамаң, Ұялмасын сенің, папаң" деген жолдары бар әзіл көпшіліктің көңілінен шықты.
"Мына нұсқа дұрыс болды", "Әйтеуір мағынасы бар сөздер жазылыпты ғой", "Жарайсыңдар жігіттер", "Қоянды өлтіреді қамыс, Жігітті өлтіреді намыс. Керемет келтірдіңдер, жігіттер" деп жарыса жазды оқырмандар.
Айта кетейік, әзіл бейнебаян бірнеше күннің ішінде 100 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.