Қоғамда ажырасып кетіпті деп қауесет тараған Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні пікір білдірді. Ол тіпті көңіл-күйінің де біртүрлі болып тұрғанына тоқталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Жібек Қайратқызы бейнежазбаны Іnstagram-дағы сторисіне салды. Онда бүгінгі күнге байланысты ойын білдірген. Яғни, бейбіт күнге алғыс айтып, тыныш өмір үшін қуанатынына тоқталған.
Бүгін біртүрлі сезімдемін. Бүгін әдеттегіде эфирге шықсам ба, жоқ па деген ой мазалағаны рас. Кейін мән бермей күндегідей бәрін жалғастыруға шешім қабылдадым. Көңілсіз немесе негатив жайттар парақшамда болмайды. Жақындарыңызды бағалаңыздар, — дейді ол бейнежазбада.
Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың жаңа жылды тек екі келінімен ғана қарсы алғанын, ал халықтың кіші келінін іздегенін жазған еді.