Ресейлік Black Star құрамында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық әнші Назима Жәнібекова алғаш рет жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі көпшілік үлкен қызығушылық танытқан сұраққа жауап беріп, ел арасындағы түрлі қауесеттерге нүкте қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Назима Жәнібекова Instagram желісінде кезекті жазбасын жариялап, елді таңғалдырды.
Бұған дейін жеке өмірін барынша жасырын ұстап, бұл тақырып аясында қойылатын сұрақтардан қашатын жұлдыз бұл жолы ағынан жарылды.
Ресейлік шоу-бизнесті бағындырып жатқан әнші махаббат мәселесіне қатысты жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды.
"Менің жеке өміріме қызығушылық білдірушілер өте көп. Бірақ, бұл тақырып аясында тек бір нәрсе ғана айта аламын. Мен "өзіме келіспейтін өлшемдегі шалбар кигенше", жалғыз жүргенім артық. Мұны нақты сезініп ұғыну үшін маған 29 жыл уақыт кетті. Бұл әлемде маған арналған адамның барына сенемін, білемін де" , - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары Жәнібекованың жазбасынан кейін, бірден оған қолдау көрсетіп, пікір білдіре бастады.
Олар бұған дейін қызының әкесімен ажырасып кеткен өнер иесіне алдағы уақытта өмірлік серігін тауып, бақытты болатынын айтып, жұбатты.
Айта кетейік, бұған дейін Назима Жәнібекова төстартқышпен түскен суретін жариялап, елді шулатқан болатын.