Назгүл Қарабалина Азаматқа қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтып берді

Назгүл Қарабалина Азаматқа қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтып берді

Мұхтар Әуезов атындағы театр актрисасы, Азамат Сатыбалдының жары Назгүл Қарабалина отбасы, өмірлік ұстанымы мен шығармашылық жаңалықтары туралы айтты. Актриса қоғамдағы жетім, жесірді проблемасын, қыз тәрбиесі мен бала тәрбиесін сөз етті. Азаматын сыйламаған қоғамда қарттар үйінің саны артады дейді ол.

 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында сілтеме жасаған stan.kz хабарлады.

 

Назгүл Қарабалина театрда ерекше образдарымен таныс. 20 жылдан бері сахнада ойнап келеді. Актрисаны қазіргі әйел теңдігі мәселесі, отбасылық зорлық-зомбылық, жетімдер мәселесі толғандырады.

 

“Бізде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі көп. Бір-екі жолы болмаған әйел үшін барлық еркекті жазғырудың керегі жоқ. Қанша ер азаматтар бала-шағасы мен әйелі үшін жұмыс істеп жүр. Отбасын асырау үшін бастығының ұрысын естіп жүр. Ақылды әйел өзін ұруға жеткізбеу керек. Ер азаматқа көп нәрсе керек емес. Дастарханың жайылып тұрса, үйің жинаулы болса, жүзің жарқын болса болды. Ал мен де еңбек етіп келдім, мен де шаршап тұрмын, мен де ақша тауып жатырмын деп ерегесіп тұрсаң оның соңы шапалақпен бітеді. Содан кейін жылап-сықтап отырады. Әрине, ессіз еркектер де бар. Себепсіз ұратын шығар, ішімдік ішетін шығар, бірақ бәрі емес”, – деді актриса.

 

Назгүл Қарабалина жетімдердің тағдырына көп алаңдайды. Осы тақырыпты арқау етіп өз туындысын жазып шықты. Туындының мақсаты – санадағы қайыршылық.

 

“Адам бай болуы мүмкін, бірақ санасы қайыршы болуы мүмкін. Өзі кедей болуы мүмкін, бірақ санасы бай болуы мүмкін. Менің қорқатыным  – санасы қайыршы адамдар. Егер көшеде бір адам құлап жатса, біз қарап қасынан өте береміз. Біз деген қоғамбыз. Бірақ қоғам оған назар аудармайды. Ол жерде жатқан тағдырға алаңдамайды. Бізде санасы қайыршы адам көп. Ерін сыйламайтын әйел көп. Отбасында әйел билейтіндер көп. Соның кесірінен қарттар үйі көп. Анасы билейтін отбасында өскен баланы да ертең әйел билейді. Ол ата-енесімен тұрғысы келмейді. Сосын қарттарды қарттар үйіне жібереді. Кезінде Азаматтың кездесіп жүрген қызы болатын. Азамат үйінде ең кенжесі. Қыз оның ағаларымен бірге тұрғысы келмеген. Азамат оңтүстік тәрбиеде өскен жігіт. Солай тіл табыса алмай екі жаққа кеткен. Азамат екеуміз сырлас едік. Маған бар сырын айтатын. Солай қиналып жүргені бар. Мен сол уақытты пайдаланып, оған күйеуге тиіп алдым”, – деп күлді актриса.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста