Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады

Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады

Қостанайлық Әсет пен Анар Сүндетбаевтарды елбасы үйлену тойымен құттықтады. Назарбаевтың құттықтау хатын облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов жеткізді деп хабарлайды Алау порталы.

21 наурыз күні Қостанайда Әсет және Анар Сүндетбаевтар заңды некеге тұрды. Тойға арнайы Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов келді. Облыс басшысы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Әсет президентті тойына шақырған болатын.

"Мен Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет тұтамын. Ол менің кумирім. Мен ол кісіге жай ғана хат жазып, тойма шақыру қағазын пошта арқылы жіберген едім. Хатыма жауап келгенде таңқалдым. Қуаныштан, төбем көкке бір елі жетпей қалды. Оны айтып жеткізе алмаймын", - дейді Әсет.

Наурыз қарсаңында отау құруды Әсет пен Анар бұрыннан ойластырған екен. Жастар Руднен институтында оқып жүргенде танысқан. Қазір олар Магнитогор металлургия институтының магистратурасында білім алып жатыр. Олардың жасы 24-те. Әсет металлург мамандығын таңдаған.

Президенттің құттықтау хатын жеткізген облыс басшысы оны жастарға оқып берді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан, облыс басшысы өзімнің атымнан құттықтауды қабыл алыңыздар. Сіздерге, махаббат, татулық, отбасыңыздың беріктігін, амандығын тілейміз", - деді Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов.

Сондай-ақ әкім жас отбасыға сыйлық ретінде теледидар табыс етті.

news.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста