«Наратқа махаббат» бізге қашан жетеді?

«Наратқа махаббат» бізге қашан жетеді?

Табиғаты көз сүріндірер Нарат ауылы тұрғындарының пікірі екі арнаға айырылды да қалды. Осында ер жеткен Жеңіс есімді жас азаматтың ойы өз елді мекенін өзгелерге паш ету, осылайша саяхат мекенге айналдыру болатын. Ал өзге тарап – байырғы ауыл тұрғындарының пікірі тазалығы мұнтаздай, табиғаты көркем Наратты бүлдіріп алмау еді. Қалай дегенмен де екі тараптың пікір таластығы туған жерге деген адал махаббаттан туындағаны анық.

Бұл – «Наратқа махаббат» телехикаясының шағын мазмұны. Сегіз топтамадан тұратын көркем туынды аспан асты елінде түсірілген. Әзірге еліміздің арналарынан көрсетіле қоймады. Дегенмен оңтүстіктегі бауырлар қазақ тіліндегі сапалы фильмді спутниктік желі арқылы тамашалап үлгерді. Бұл сізге сапалы деп айтуға ауыз барыңқырай бермейтін, оның үстіне қазақ тіліндегі емес «Перекресток» не «Саранча» да емес. Мұнда «Тоғысқан тағдырлардағыдай» ата-енесінің алдында келте етек киген қыз-келіншектер жоқ. Айналдырған бір-екі салонның ішінде түсірілумен шектелмеген.

8 сериялы фильмнің түсірілгеніне көп бола қоймапты. Басты рөлде «Көрікті мекен» фильмі арқылы қазақ көрермендеріне танымал болған жас актер Әлімжан Тұрысбек.

Телехикая кейіпкері Жеңіс саяхат ісімен айналысуға шындап кіріседі. Оны ауылдықтар дер кезінде түсіне қойса жақсы ғой. Бірақ олай болмайды. Нарат жұрты туған өлкені қызғыштай қориды. Тіпті қалашық әкімдігіне жолығып, арыз айтпақ та болады.

Саяхатшының кім екенін түсінсе де, ол туралы біле қоймайтын қайран қазекеңе Жеңістің қолға алған бастамасы ұнай да қоймайды.

Бір қызығы, Нарат ауылының тұрғындары бұл елді мекенді туған жері санайды. Сондағы қазақтардың туған жері дейді. Ондағылардың бар арманы сұлулығы көз талдырар Нарат табиғатына кілтипан келтірмей, мұнтаздай таза сақтау болып саналады. Бір жағынан заманауи білімді жігіттің өз туған жерін өзгелерге паш етіп көрсетпек ойы да орынды секілді. Оның арманы қайткенде өз Отанының табиғатын қастерлей отыра, саяхатшылар тарту еді. Нараттың көркемдігін көрсету еді. Оқиға желісі бойынша ауылдықтардың пікірі екі арнаға айырылады. Қалай болғанда да, екі тараптың ізгі ниеті, сөз басында айтылғандай, туған жерге деген құрметтен еді.

Жалпы, бұл фильмді Қазақстанда көрсетсе игі іс болар еді. Өзіміздің киногерлер үшін сын да болар ма еді?! Оған ел ағалары, елші ағалар араласу керек те шығар. Олай дейтініміз, осыған дейін де қазақстандық көрермендерге жеткен қытай қазақтары түсірген «Көрікті мекен» фильмі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілінен шыққаннан кейін ғана елге алдыртылып, республикалық арналардың бірінен көрсетілді.

Дерек

Нарат – Ерентауының шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы жер аумағы – 800 шаршы шақырым. Теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан. Үш жағын тау қоршап тұр. Жазиралы өлке. Оны тұрғындары жер жәннатына балайды. Ал «нарат» сөзінің шығуы, кино желісі бойынша былайша баяндалады. Нарат – күнді ең ерте көретін жер. Аңыздарда айтылатындай, Шыңғысхан Батысқа жорық жасағанда, бір мың қол кейін тартыныпты. Көктем мезгілі болса керек. Асудағы қарлар ерімеген. Аштық, қиындыққа кезіккен жауынгерлер асудан аса алмаған. Дәл сол уақытта тау суы сыбдырап жатқан кең жайлауды көздері шалады. Барлығы басқа өлкеге келгендей сезімде болса керек. Осы сәтте бұлттар арасынан күн шығып, шұғыласын шашып кеп жібергенде, сарбаздар еріксіз «нарат, нарат» деп айқай салыпты. Сөйтіп, бұл өлке Нарат аталып кетіпті.

P.S. Еліміз кино түсіруден кенде емес. Ішінде естісі де бар, есері де бар. Жыл сайын небір фильмдер дүниеге келіп жатыр деп естиміз, бірақ көрерменге жетіп жатқандары некен-саяқ. Онда да қарақшылық жолмен жеткендерін тамашалаймыз. Авторлық құқыққа пысқырып жатқандары шамалы. Әрине, заңды орындалатын құзырлы мекемелердің бұл ретте қолы қысқа екенін де мойындау керек. Мұны не үшін айтып отырмыз дерсіз. Иә, жақсы туынды көрерменіне қалай болса да амалын тауып жетеді. Тіпті қарақшылық жолмен болса да!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста