"Нағыз президент болатын адам": Мақсат Толықбай өзі туралы пікірлерге жауап берді

 "Ашық алаң" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Мақсат Толықбайдың желідегі жазбалары кең талқыға түсіп, түрлі пікірлер астында қалып жатыр. Оқырмандарының басым бөлігі журналистің елдегі қазіргі жағдайға байланысты жазбалары үшін "нағыз президент болатын адам" деп баға берсе, енді бірі популист деп атайды. Президент болуға лайықты деген журналистің өзі не дейді? Stan.kz тілшісі Мақсат Толықбайға хабарласып сұрап білді.

Журналистің әлеуметтік желідегі жазбалары кең таралып, халықтың арасында жүргеніне қатысты өзі:

- Менің айтқан сөзімді екінің бірі айтып жүр. Егер менің әсіресе, видео үндеулерім желіде көбірек тарап, талқыға түсіп жатса, түрімнің танымалдылығынан ғана шығар, - дейді.

Өзі қызмет етіп жүрген мемлекеттік арна тарапынан қысым жоқ па деп сұрақ қойғанымызда:

"Қазіргі кезде Қазақстан арнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында істеп жатқанымнан көпшілік хабардар. Ол жерде редакциялық тапсырмаларды жүргізуші ретінде кәсіби деңгейде атқарып шығу міндетім. Ал жұмыстан тыс, өзімнің әлеуметтік желідегі парақшам - жекеменшігім, жеке өмірім. Ол жерде өзімнің азаматтық позициямды білдіріп пост жазып отырамын және ол құқықтан мені ешкім шектей алмайды. Елдің тұтастығына қауіп төндіретін жазба жариялап, не болмаса терроризмді насихаттап отырсам, ол бөлек әңгіме. Мен үнемі қоғамда болып отырған жағдайларға ойымды, көзқарасымды білдіремін. Журналист деген атым болған соң, осындай резонансты жағдайларда бей-жай қарап қалмадым деп көшеде басымды тік көтеріп жүргім келеді", - дейді Мақсат.

- Ұлттық арна бәрі шешіліп жатыр, дәріханаларға дәрі жеткізілді, аурухана салынды деп сөйледі. Ал сіз желіде бөлінген ақшалар қайда деп шырылдайсыз...

- Қазіргі елде болып жатқан жағдайды бәріміз білеміз. Дәріханадағы ұзын-сонар кезек, ауруханадағы орын жетіспеушілігі барлық жерде айтылып жатыр. Сондықтан жоқ нәрсені бар деп айту мүмкін емес. Мәселе бағдарламаға келетін спикерде. Келген ресми өкілдер барлығы жақсы деп айтуы мүмкін. Бір спикердің айтқанына бола бүкіл телеканалдың саясаты, айтары сол екен деп тон пішуге болмайды. "Ашық алаңды" көрсеңіздер, әлеуметтік желіде өткір пікір білдіріп жүрген спикерлерді шақырамыз. Ойларын ашық білдіруге мүмкіндік береміз. Депутаттардан бастап, үкіметке дейін сынап жатыр. Қазір "Қазақстан арнасының" саясаты өзгерген. "Ашық алаңның" билікке жағына жасаған хабары бар ма? Күннің, аптаның өзекті мәселе оқиғаларын тікелей эфирде ашық талқылаймыз. Сондықтан Ұлттық арна жоқ дәріні бар деп жалған пропагандамен айналысып отыр деу - жалған.

- Өзекті мәселелерді көтеріп, өткір пікірлер айтып жүрген Мақсат Толықбайға соңғы айда бәрі "осы президент болатын адам" деп жүр. Президент болуға қалай қарайсыз?

- "Масқат, сізге президент болу керек" немесе "депутат болсаңызшы" дегенді жиі-жиі мен де естіп жүрмін. Биліктің журналисі не болмаса оппозиционер журналист деп қоғам екіге бөліп қарайды. Бұл - өте қате түсінік. Оппозиционер дәрігер деген болмайды. Оның алдына қылмыскер келсе де, министр кесе де, оппозционер келсе де бірдей емдеуге міндетті. Журналист те сондай болу керек. Көрерменге таңдау құқығын ұсыну керек. Өз бағдарламаңда "НұрОтан" жайлы айттың ба, келесіде оппозиция жағын да ұсын. Халық өзі таңдайды. Журналист бейтараптылықты таңдауы керек. Біз өзімізге "төртінші билік" деген айдар тағып алғанбыз. Шындығында, қырық төртінші де билік емеспіз. Азаматтық қоғамдық институт ретінде әлі қалыптаса қойған жоқпыз. Сондықтан өзекті мәселені айтып, ойын ашық білдіріп жүрген журналистерден "депутат болу керек, президент болуы керек" деп қаһарман жасаудың керегі жоқ. Ол журналистің міндеті.

- Қазір тығырықтан шығудың жолы қандай деп ойлайсыз?

- Менің жекеме жазатын дәрігер, мұғалімдер өте көп. Неге өз жағдайыңды өзің айтпайсың десем, жұмыстан шығарып жібереді дейді. Сонда журналисті ешкім жұмыстан шығармай ма? Оған ақша төбеден жауып жатқан жоқ қой. Бәріміз өзгерісті қалаймыз, бірақ ешкім өзгерісті өзінен бастағысы келмейді. Қателігіміз осында.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста