Биылғы күз халық қалаулыларының арасында шығармашылық иелерінің жыр жинағы жарық көрмек. Негізінен, жастардың бойындағы ұлттық рухты оятуға бағытталған бұл шығарылымдардың көшбасын Олжас Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова сынды ақындар бастаса, жұртшылық жазушы деп білетін Әбіш Кекілбайдың да өлеңдері жинаққа енбек.
Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі, депутат Олег Дымов көтерген бастама бойынша жинақты екі тілде шығару жоспарланып отырған көрінеді. Себебі ақындардың тізімінде Мұхтар Шаханов, Әкім Ысқақ, Өтеген Оралбаевтармен қатар орыс тілінде жазатындары да бар екен.
Тау менен Сарыарқаның кең жазық даласын жинақ мұқабасына бейнелеуге тоқтам жасалған кітаптың қазір құрастыру жұмыстары аяқталып та қалыпты. Суреттері де сұрыпталып, ең бастысы, қаржы бөлініп қойған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылғалы жатқан жинақ көп ұзамай алдағы шілде айында баспаға жіберіліп, күзге қарай оқырман қолына тиеді.
Мәриям Жагорқызы
Мықтылардың жинағы жарық көрмек
Последние статьи автора