Мықтылардың жинағы жарық көрмек

Мықтылардың жинағы жарық көрмек

Биылғы күз халық қалаулыларының арасында шығармашылық иелерінің жыр жинағы жарық көрмек. Негізінен, жастардың бойындағы ұлттық рухты оятуға бағытталған бұл шығарылымдардың көшбасын Олжас Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова сынды ақындар бастаса, жұртшылық жазушы деп білетін Әбіш Кекілбайдың да өлеңдері жинаққа енбек.
Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» де­пу­таттық тобының мүшесі, депутат Олег Дымов көтерген бастама бойынша жи­нақты екі тілде шығару жоспарланып отыр­ған көрінеді. Себебі ақындардың тізі­мінде Мұхтар Шаханов, Әкім Ысқақ, Өтеген Оралбаевтармен қатар орыс ті­лін­де жазатындары да бар екен.
Тау менен Сарыарқаның кең жазық даласын жинақ мұқабасына бейнелеуге тоқтам жасалған кітаптың қазір құрастыру жұмыстары аяқталып та қалыпты. Суреттері де сұрыпталып, ең бастысы, қаржы бөлініп қойған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылғалы жатқан жинақ көп ұзамай алдағы шілде айында баспаға жіберіліп, күзге қарай оқырман қолына тиеді.
Мәриям Жагорқызы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста