Музыка мэтрі дүниеден озды

Музыка мэтрі дүниеден озды

Қазақ музыкасының майталманы Еркеғали Рахмадиев дүниеден өтті. Бүкіл ақыл-ойын, қажыр-қайратын ұлттық өнердің мерейін өсіруге сарп еткен дара дарын ел-жұртының есінде тек көрнекті композитор ретінде ғана емес, ірі қайраткер, абыз ақсақал ретінде де мәңгіге сақталады.   


82 жас өзекті пенде үшін аз ғұмыр болмауы мүмкін. Мәселе – азды-көпті сол дәуренді кімнің қалай сүргендігінде. Ал ұлттық операның ұстынына айналған озық шығармалар тудырып, музыка әлемінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған Еркеғали Рахмадиев қай кезде де өз биігі­нен төмендеген емес. Қазақтың дү­ние­жүзілік деңгейде танылған екі компози­торы бар десек, соның бірі – Мұқан Төле­баев та, екіншісі Еркеғали Рахмадиев екенін музыкатанушылардың өзі мойын­дайды.
«Ұлт болып қалу үшін әуелі оның мәде­ниеті сол ұлттың ішкі рухани тілінде сөйле­гені дұрыс» деген ұстанымнан таймаған Еркеғали Рахмадиев «Алпамыс», «Қамар сұлу», «Таң самалы» тәрізді ірі операларды дүниеге әкелді. Тіпті бүкіл қоғамдық құры­лым өзгеріп, дүниенің астаң-кестеңі шық­қан сонау бір жылдары тұралап қалған ұлттық операға қан жүгіртіп, ел рухын тірілтетін «Абылай хандай» ірі шығарма жазу бақыты да Еркеғали Рахмадиевке бұйырды. Бір ғажабы, композитордың күллі шығармаларында тек қазаққа ғана түсінікті ырғақ, өзгеше бір әлем бар. Өйт­кені олар ұлттық тамырдан бастау алған. Ал Еркеғали аға болса, өзі айтпақшы, жастайынан Тәттімбет, Құрманғазы күй­ле­рімен өскен. Ақан, Біржан, Әсеттердің шексіз сағы­нышқа жетелейтін әуенді, әуез­ді әндерін тыңдаумен ержеткен. Ұлттық тамырдан ада дарақтың үп еткен самалға да төтеп бере алмайтынын білетін компо­зитор қызыл жүйе қаһарына мініп тұрған сонау бір кездің өзінде шәкірттеріне: «Сен­дер ең әуелі қазақ болыңдар. Қазақтың даласындай кеңдікті меңгеріңдер. Сонда шығармаларың да кең болады. Қазаққа іштарлық жараспайды. Ал іші тар адамнан ке­мел тұлғаның шығуы мүмкін емес. Қазақтың нағыз сал-серілері кең еді» деп ағалық ақылын айтып отырады екен. Бү­гін­де Рахмадиевтің қамқорлығымен өнері ұшталып, көзқарасы қалыптасқан, дүние­танымы кеңейген қазақ музыка шеберле­рінің тұтас бір толқыны бар, әріптес іні-қа­рындас­тары оны шын мәнісінде үлгі тұ­та­ды.
Шығармашылық өре­­сі, суреткерлік ше­бер­лігі өз алдына, Ерке­ғали Рахмадиев азамат­тық болмысы бө­лек, на­мысы, рухы биік тәуе­кел­шіл тұлға еді. Мыса­лы, ол кісі­нің Құр­ман­ғазы атындағы ұлт­тық консер­ваторияның тізгі­нін ұстаған кезінде тұңғыш рет қылқобыз класын ашқанын және оған ұстаздыққа бас­тауыш сыныптық қана сауаты бар тума талант Жаппас Қалам­баевты қабылда­ғанын біреу білсе, біреу білмейді.
1981 жылы Қазақ­стан­ның Ресейге «өз еркімен» қосылғанына 250  жыл толуына орай, Мәдениет министрлігі арнайы тапсырыспен шығармалар жазды­ра­ды. Қаламақысы өте жоға­ры бұл шараға үлкенді-кішілі компози­торлар түгел қатысып, «Орыс халқына арнау», «Сәлем саған, орыс хал­қы» деген сияқты дүние­лер ұсынады. Еркеғали Рахмадиев ештеңе жаз­байды. Тіпті: «Бұл той­лай­тын нәрсе ме? Есі дұрыс адам өз еркі­мен бодандыққа беріле ме?» деген наразылығын да жасырмайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мәдениет саласына екінші қайтара министр болып келген ол ұлттық өнер ордалары тапшы солтүстік аймақтарда театрлар, орталықтар ашу мәселесін қолға алады. Осының бәрі азаматтық ұстанымы айқын, елжанды, ұлтжанды композитор­дың тұлғалық қырын таныта түсері даусыз.
Елінің мәртебесін биіктетіп, рухани әлемін байытуға өлшеусіз үлес қосқан өнегелі ғұмыр енді, міне, өз мәресіне жетті. Әрдайым еркелеткен қалың елі Ерке­ға­лиы­мен енді мәңгілікке мақтанады, кеше талантына бас исе, бүгін рухына бас иеді, қа­бірі жарық, иманы жолдас болуын тілейді.

Үкілі үзінділер
Менің 50 жылдық мерейтойымда орыстың Р.К.Щедрин деген талантты композиторының кешті өзі жүргізіп тұрып айтқаны бар: «Рахмадиевтің музыкасы Африкада, Австралия, Америка, Еуропада, барлық жерде орындалып жүр. Жалпы, Рахмадиевтің симфониялық күйлері, бұл – қазіргі қазақ музыкасының визиттік карточкасы» деп. Щедрин әлі күнге тірі. Мен оған олай айт деген жоқпын. Әрбір адам өз өмірінде еліне жақсылықты шамасы келгенше істесе, мендей-ақ істесін. Менің арманым жоқ...
Он шақты жыл консерваторияны, 25 жыл Одақты басқардым. Ең қиын уақытта министр болдым. Қолымнан келгенше жақсылық істеуге жанталаса­тын­мын. Бірақ ойыңдағының барлығы орындала бермейді. Сол кезде «Еліміз төрт-бес жылда есін жинайды, сонда қазақ екендеріңді ұмытпай, қайтып келерсіңдер» деп 63 жасты білімін жетілдіруге шетелге жібердім...
Қазіргі жастардың басым көпшілігі консерваторияға білім алу үшін емес, диплом алу үшін келеді. Құдыс Қожамияров, Ғазиза Жұбанова, А.В.Бычков және мен консерваторияда профессор болған уақытта «ұлттық бояу бар ма, жоқ па» деген әңгіме болмайтын. Ұлттық бояуды жастардың бойына сіңіруде әртүрлі әрекет жасайтынбыз. («Алаш айнасы», 3 шілде 2009 жыл)...
(Еркеғали Рахмадиевтің «Алаш айнасына» берген сұхбатынан)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста