Мұхамеджан Тазабек Әлия Назарбаеваның тойына қатысты шындықты айтты

Таңертең Елбасының қабылдауында болуың керек деді. Бірақ той деп айтпады.

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаеваның ұзату тойына арнау айтуға кім шақырғанын еске алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол «Айтыс Strike» жобасында Әлия Назарбаеваның алғашқы некесін еске алды. 1998 жылы Президенттің 18 жастағы үшінші қызы сол кездегі Қырғыз басшысы Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан болатын.

Қырғыздар жағынан қызды алып кетуге құдалыққа үш адам келетін болды. Ол — Асқар Ақаев және қырғыздың халық жазушысы Шыңғыс Айтматов пен ақын Естеміс Тұрсынәлиев. Әр қонақты күтіп алатын адамдар дайындалады. Айтматовты Әбіш Кекілбаев қарсы алады, - дейді Мұхамеджан Тазабек.

Ақын Естеміс Тұрсынәлиевпен сөз қағыстыруға қазақ ақындарынан Мұхамеджан Тазабек ұсынылған екен.

Ол кезде Таразда жүргенмін. Мені құзырлы органдар тауып алған. Таңертең Елбасының қабылдауында болуың керек деді. Бірақ той деп айтпады. Мені Президент аппаратының басшысы Нұртай Әбіқаев қарсы алып, той туралы түсіндірді,— дейді айтыскер ақын.

Қырғыз құдаларды әуежайдан күтіп алып, Мұхамеджан Тазабек арнауын айтқан.
Айдар Ақаев пен Әлия Назарбаева үш жыл некеде болған. Алайда екі жастың дәм-тұзы жараспай, 2001 жылы ажырасып кетті. 2020 жылы Айдар Ақаев жүрегі тоқтап, дүниеден өтті.
Әлия Назарбаева Айдар Ақаевпен ажырасқаннан кейін Данияр Хасеновпен отбасын құрған. 2007 жылы Тиара, 2011 жылы Алсара есімді қыздары дүниеге келді. Бірақ екі жастың отбасылық өмірі ұзаққа созылмады.
2015 жылы Димаш Досановқа күйеуге шықты. 2016 жылдың жазында Алдияр есімді ұлын өмірге әкелді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста