Мұражайдағы түн

Халықаралық мұражай күнін­де бірден үш көрме ашыл­ды. Жеті сағат көлемін­де концерттік бағдарлама өтіп, жәрмеңкелер болды. 7000-ға жуық адам түнді мұражайда өткізді.
18 мамыр күні Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражайда Халықаралық мұ­ра­жай күні өтті. Кәсіби мейрамда «Музей түні» осымен жетінші жыл ұйымдасты­ры­лып, сағат 17:00-ден 00:00-ге дейін қо­нақ­тарын ер­екше ықыласпен қарсы алды. Ша­раның тосын сыйлары мен жаңалық­тары аз бол­мады. Шара аясында мұра­жай қор кол­лекциясынан үш көрме ашыл­ды. Олар «Ма­рапатталады» (ХІХ-ХХ ғғ. ор­ден­дер, медальдар мен белгілер коллек­ция­сы), «Қазақстанның жануарлар әлемі» және «Ұлы Отан соғысының қару-жарақ­та­ры» деп аталған. Ұй­ым­дастырушылар ме­ре­келік шараға келген әрбір 300-інші мей­манға сый жасады. Оларға «Қазақстан­ның археологиялық алтыны», «Антрополо­гия­лық музейі» және «Н.Г.Хлудов залы» сынды эксклюзивті залдарына тегін экскурсия жасауға мүмкіндік берді. Мерекелік кешке келуші алматылықтар мен қала қонақтарының назарына ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерттік бағдарламаға қа­тысқан өнер иелерінің барлығына демеушілер ұсынған сыйлықтар тапсырылды. Косметика сатушы компания өкілдері қыз-келіншектерге шеберлік дәрістерін өткізіп, бетті әрлеу жөнінде тегін кеңестер берді. Сәндік-қолөнер бұйым­­да­ры көрме-жәр­мең­келерде сатылып, «Арыс» және «Эрудит» кітап орталықтары әлем­дегі жаңа ба­сы­лымдарды көрермен назарына ұсын­ды. Мұражай алдында бүр­кітшілер өнер көр­сетті, қазақы тазылар мен төбеттер көрмеге шығарылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста