Тыңдармандар соңғы уақытта Мәдина Сәдуақасованың жеке өміріне алаңдаулы. Әншінің ажырасып кеткені жайлы желіде ақпарат тарап жатыр. Әншінің өзі бұл сұраққа жауап бергісі жоқ.
Сұлу ханым Мысыр елінде демалып қайтты. Елдің көрікті жерлері мен табиғаты, ерекшеліктері туралы ерінбей баян етті. Демалыстың керемет өткенін жазып жүр. Ал жеке өмірі туралы мүлде сөз қозғамады.
Әнші Мысыр елінде сіңлісі Жәниямен, өз ұлы Әнуармен бірге демалды. 
"Мына демалыс бұрынғы барған демалыстардан өзгерек, өйткені бүкіл әлемді covid жаулап , басқа мемлекет түгілі, өз үйімізден шықпай қалған күндер де болды.. Тәуекелге бел буып, Египетке ұштық! Құпияға толы Мысыр, Қызыл теңіз, ыстық құм, тропикалық жеміс жидектер бір сәтке әлемде болып жатқан дертті ұмыттырса да, елге қайтқың келіп тұрады, сағындырады. Өз еліңнен ыстық, сұлу да тартымды, қымбат жер жоқ бұл ғаламда! Демалдық, күш жинадық, көңілімізді ауладық аз уақытқа, шабыттандық, рахмет, енді өз еліме, қазағыма қайттым! Жаңа әндерім бар шығаратын, жаңалықтарым көп айтатын... Жолымыз ақ болсын!", - деп жазды Мәдина ханым. 
Ал желі қолданушылары не себепті жолдасы өзімен бірге демалуға бармағанын сұрап жатыр. 
"Олжас қайда? Жолдасыңызбен ұрысып қалғансыз ба?", "Мәдина күйеуімен ажырасып кетті деп жатыр, сол рас па?", "Неге жеке өміріңізге қатысты сұрақтарға жауап бермейсіз. Сіз үшін алаңдаймыз", "Жеке өміріңізге қатысты өзгеріс болғаны шындық", - деп жазды олар. 
Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова жолдасы жайлы сұраққа жауап бермейтінін кесіп айтқан еді.