Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қолы шебер

Семейдегі «Асыл» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «АҚШЫҢ» сауда орталығында мүмкіндігі шектеулі балалардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Жарық дүниеге іңгәлап келгеннен тағдыр шырғалаңына тап болса да, ширығып өсуге әзір тұратын балалардың барлығы көп өнерге бейім екен.
Түрлі мате­риал­дар­дан жасалған кес­кіндеме-көріністердің, бұйымдардың қай-қайсына зер салсаңыз да, олардың қиялына қанат берген нәрсені жайдан-жай қабыл­да­май­тындығы айқын көрі­неді. Шеберліктерін шың­даумен қатар, олардың өз болашағын сонымен ұштастыра оты­рып, қоғамдық ортада ең­бек­қор­лығымен ор­нын қалыптастыруға ұмтылыстары барын да байқау қиын емес.
Толқын РАХМЕТУЛЛИНА, бірлестік мүшесі:
– Біздің «Асыл» қоғамдық бірлестігі жасы 18-ден асқан мүмкіндігі шектеулі балалары бар шаңырақтардың өзара ортақ шешімге келуінің нәтижесінде құрылды. Жалпы, мұнда «Асыл» арқы­лы өз орталарын тапқан жасы 18-ден 35-ке дейінгі жастар бар. Оларды сурет салуға, тігін тігуге баулып, келе­шекте өздеріне ұнайтын іспен айналысуына ұдайы мән беріп отырамыз. Осы шара­ны өткізудегі мақсатымыз – бала­ларымыздың өз қолымен жасаған еңбектерін көрсету.

Тек жекелей ғана емес, бірнеше бала­ның өзара бірлесе отырып, құрастыруының нәти­жесінде жасалған бұйымдар да көр­меге келушілердің назарын аударды. Он саусағынан өнер тамған шебердің ісінен кем түспейтін туындылардың ойдағыдай шығуына қолөнерді үйретуші ұстаз Қарлығаш Балтабекова екі жылдан бері баулып келеді екен. Қарлығаштың айтуын­ша, ақыл-есінің дамуы кешеуілдегенімен, олардың қиялын ояту үшін, негізінен, ашық түрдегі қызыл, жасыл түстерді, сондай-ақ жылтырақ заттарды қосу арқылы іс тігіп, бұйымдар жасаған тиімді.
Мемлекеттен қамқорлық күтпей-ақ өз қалауларымен қоғамдық бірлестік құрып, өз мүмкіндіктерін көрсетуді көздеген «Асылдағы» ата-аналардың жұмысы «Бота» қорының жобасы аясында қолдау көріп отыр. Тағдыр тауқыметін көрсе де, тауы шағылмай жүрген жандардың шама­лы да болса өз еңбегінің жемісін көргісі келген ниетін оң бағалаған көрмеге келу­шілер олардың жасаған бұйымдарын сатып алып жатты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста