Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған Экспресс К тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова төрт қыздан құралған "Назар" тобын сатады.
Әншінің жобамен айналысуға мүлдем уақыты жоқ екен. Мөлдір өзі продюсерлік ететін "Назар" тобын осыдан бес жыл бұрын құрған. Топта төрт бірдей өнерлі қыз бар. Олардың есімдері Әнел, Еркежан, Салтанат және Аяжан. Қазір топтың ән қоржынында оннан астам ән бар.
"Назар" тобын сатамын. Себебі, жобамен айналысатын уақытым жоқ, — деді әнші.