М.Мақатаев пен Б.Соқпақбаевтың туындылары ағылшын тілінде жарық көрді

М.Мақатаев пен Б.Соқпақбаевтың туындылары ағылшын тілінде жарық көрді

 Соның арқасында АҚШ-тағы оқырмандар біздің еліміздің белді ақын-жазушыларының туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Қазақ ақын-жазушыларының туындылары шетелдік оқырманға жол тартты. Бұл игі істі бастаған белгілі публицист және журналист Бигелді Ғабдуллин. Оның жетекшілік ететін Қазақ ПЕН клубы қоғам қайраткерлерін жинап «Біз қазақтар» атты топтаманың тұсауын кесті. Осы жолы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы мен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі ағылшын тіліне аударылды. Бигелді Ғабдуллин, Қазақ ПЕН клубының президенті -Жалпы біздің ұрпақтың және Қазақ ПЕН клубының басшысы ретінде жеке өзімнің борышым қазақ жазушыларының шығармаларын ағылшын тілінде сөйлету деп санаймын. Жиналғандар арасында аудармашылар Кэтрин Фитцпатрик пен Марина Влади ағылшын тілінде Әбдіжәміл Нұрпейісов, Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев шығармаларынан үзінділер оқып берді. Оларға Америка мектептерінде білім алып жүрген қазақ балалары да қосылды. Владимир Карцев, жазушы /АҚШ/ -Бір кездері әлем жұртшылығы Габриэль Гарсиа Маркесті де білмеген еді ғой. Оның шығармалары ағылшын тіліне аударылғаннан кейін оны бүкіл әлем білетін болды. Сондықтан біз осыдан 2 жыл бұрын қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 2 кітабын ағылшын тіліне аудардық. Оқырмандар мен әдебиет сыншылары ол шығармаларды Нобель сыйлығына лайық деп тауып, Нобель комитетінің тізіміне енгізді. Американың әдебиет сүйер қауымы өздерінің Қазақ ПЕН клубындағы әріптестерінің белсенділігіне тәнті болғандарын айтады. Клуб мүшелері осы туындылармен шектелмейді. Тағы Әбіш Кекілбаев пен Смағұл Елубайдың және Олжас Сүлейменовтің кітаптарын ағылшын тіліне аударуды жоспарлап отыр.

khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста