Мирас пен Құралай: Қызыма хиджаб кигізіп дін жолына баулып жатырмын, өнерге жолатпаймын

Мирас пен Құралай қыздарын дін жолына баулып жүр. Әнші аға “қыздарға дұрыс тәрбие беріп, дінді үйрету – әкелік парызым” дейді. Сондықтан әкесі қыздарын ерте жастан тұрмысқа беріп, шариғат ілімін үйретуді мақсат еткен.
Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Мирас пен Құралай Алматының шетінен зәулім үй сатып алды. Жұлдызды жұп отбасымен 4 қабатты зәулім сарайға көшіп, қоныс тойын тойлады. Жаңа үйге көшкеніне 1 жылға жуық уақыт өтті. Бұл қос әншінің өздері қол жеткізген төртінші үйі.

“Былтыр пандемия басталып жатқан уақытта жаңа үйге көшіп келдік. Бұл үйді өзіміз салған жоқпыз. Дайын үйді сатып алдық. Мен өзім құрылысты жақсы білемін. Сондықтан үйдің сапасы ұнады. Дайын үйге келдік. Үлкен болғандықтан емес, сапалы болғандықтан алдым. Бала-шағам бар. Әке-шешем бар. Бәріміз бірге тұрамыз”, – деді Мирас Бекжанов.

Құралай ханымның айтуынша, зәулім үйде көмекші қызметшілері жоқ. Екі бойжеткен қызы қолғабыс етеді. Дастархан жасау, үй жинау сынды жұмыстарды қыздары атқарады екен.

“Бұған дейін көмекшілеріміз болды. Бірақ карантинге байланысты көмекшілерді жібердік. Екі қызым көмекшім. Қонақ келсе, дастарханды солар жасайды. Үйді өздері жинайды. Ата-енем бар, бала-шағам бар. Сондықтан үлкен үйге келдік. Мирас өзі барлық нәрседе үлкен болғанды жақсы көреді. Мен де үлкенмін. Көлігі де үлкен. Үйі де үлкен”, – деп әзілдеді Құралай ханым.

Мирас пен Құралайды қыздары дін жолында. Дін сабақтарын оқып, білімін жетілдіріп жатыр. Әкесінің нұсқауымен хиджаб киген.

“Мен қыздарыма дұрыс тәрбие берсем деймін. Сондықтан дінді үйренгені жақсы. Хиджаб киіп, намаз оқығаны жақсы. Қолымнан келгенше үйретіп, әкелік парызымды орындап жүрмін. Қыздардың ерте тұрмысқа шыққаны дұрыс. Егер 18-ге толғанда лайықты, иманды, жақсы азамат болса, тұрмысқа беруге дайынмын. Ұлымның өзіне 18 жасқа толғанда үйленесің, мен тауып берген қызды аласың деп құлағына құйып жатырмын”, – деді әнші.

stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста