Министр: Әйел - сұлулық символы

8 Наурыз мереке қарсаңында «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» тақырыбында көрме өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
  
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  көрмеге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. 

Әйел - сұлулықтың символы. Біздегі әдемі әшекейлер мен зергерлік бұйымдар қыздармен, аналарымызбен байланысты. Түркі халықтарының мұрасы бір-біріне ортақ болғандықтан зергерлік өнердің барлығы да біздің халықтарымызға ортақ мұра. Сол сияқты Үндістандағы Тәж Махалды да аналарымызға арнап салдырған. Алаша, текемет, түскиіз, кілемнің түр-түрін аналарымыз керемет ою-өрнектермен жасаған.  Әлемдегі алғашқы кілемнің біздің аналарымыздың қолынан шыққанын мақтаныш тұтамыз. Бүгінгі көрмеден соны байқауға болады,-деді министр.
Көрменің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезінің бастамаларын ілгерілету, Орталық Азияның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру.

Мұндай мәдени іс-шаралар қазіргі дипломатияның жұмсақ күші деп айтуға болады. Біз қазір жалаң ұранмен ұлттар мен ұлттарды жақындастыра алмаймыз. Бізді жақындататын дүние терең тарихымыз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз. Дәл осы көрме арқылы Қырғызстан,Қазақстан,Түркменстан, Қарақалпақстанның әшекейлерінің ұқсастығын байқауға болады. Барлығы бір қолдан шыққандай. Бұның өзі тарихымыздың бір екендігін, түркі тілдес халықтарын біріктіретін дүниенің көп екендігін көрсетеді, - дейді сенатор Бибігүл Жексенбай. 
Көрмеде күмістен жасалған XIX ғасырдағы көне зергерлік бұйымдардың жетпістен астам түрі ұсынылды. Олар «өңіржиек», «бозбанд», «хайкель» төсбелгілері, білезіктер, сақиналар, бейбітшілік және келісім мұражайының музей қорынан алынған басқа да әшекейлер бар.Сондай-ақ көрмеге еліміздегі белгілі суретшілердің суреттері қойылды.

Көрме 27 наурызыға дейін Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

BAQ.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста