Мінезсіз өнердің өзіндік үні болмайды

Мамырдың 23-і күні сағат 19.00-де Алматыда, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Періште емес, пендеміз... » деген атпен белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның шығармашылық кеші өткелі отыр. Сол қарбалас дайындықтан шығармашылық кеш иесін бір сәт бөліп әкетіп, сөзге тартқан едік:
 – Өлермен өнер – айтыс сахнасында жүрген 20 жыл уақыт Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Ә дегенде Алматыдағы ең алғаш аяқ басқан, 1991 жылы Мұқағали ақынның 60 жылдығына арналған айтыста бас бәйгені алдым. Әділқазылар төрайымы – Фариза Оңғарсынова апамыз. Мэлспен бетпе-бет келдім. Адайлардың ауылына аттандаған ұқсаймын, сонда бір ақын аға­мыз Фариза апайға келіп, «байғұс көнеді, бетпақ жеңеді болмасын, мына қызға айт­са­ңызшы» десе керек. Бұзық­тығым болған шығар, бірақ өлең көтеріп тұр ғой мені. Фариза апай болса бір жапырақ қағазға «Қаймықпа, қызым, өлең сенімен бірге» деп жазып жіберіпті. Сол қағазды жоғалып қалмасын деп, ширатып-ширатып дом­бы­рамның шанағына салып жібердім. Бер­тін­ге дейін сонда жүрді. Дәл осы айтысқа бү­гінгі Парламенттің төрінде отырған, қазір ел-жұртқа әділ ой-пікірін айтып жүрген депутат Бекболат Тілеухан да қатысқан.

– Әнші ретінде болар?
– Жоқ, айтыскер ретінде. Ол айтысқа Еле­на Әбдіхалықова, қазіргі «Асыл ар­наның» басшысы Мұхаметжан Тазабеков, Мэлс Қосымбаевтар қатысқан. Бәріміздің тұсауымыз осынау ақиық ақын Мұқа­ға­ли­дың мерейтойына арналған айтыста кесіліп еді. Шығармашылық кешімді де сол сәтке ше­гініс жасаудан, яғни:
Жиырма жыл болды қазаққа
                        Тәуелсіз таңы атқалы,
Жиырма жыл болды
  осы өнер басыма бақ боп қонғалы,
– деп бастағалы отырмын. Қазақ үшін Тәуел­сіздіктен асқан той бар ма, сол той­дың бір бұрышында болса да айтыс өне­рінің жалауы желбіреп тұрса екен деген ой­мен осы кешті ұйымдастыруды жөн көр­дім.
– Кейінгі кездері айтыстан көрінбей кеттіңіз. Ел «Ақмарал көп жылтыңдап шыға бермейді, шықты ма, бас жүлде – қанжығасында» дейді. Сондай бір оң­тайлы деген сәтті күтіп жүрсіз бе? Әлде өзіңізге тең келер қарсылас қал­ма­ды деген ой бар ма?
– Шынымды айтсам, «қашан бас бәй­гені аламын?» деп күтіп отырғаным жоқ. Анам марқұм айтатын, «күлшесі ар­тық ту­ған балам едің» деп. Тірлігіңді Құ­дай өзі оңғарады дегені ғой. Ша­қыр­ған жерден қал­­маймын, өйткені өлең маған Алладан кел­ген аманат. Сол ама­натты адал­дап, қазақ деген жұр­ты­ма беруге тырысамын. «Ай­тысқа соңғы кез­дері шықпай кет­ті» де­гендерге ай­та­рым, бір жағы бұл ара­лық­та ме­­нің ғы­лым­ға ден қойып, дис­сер­тация қор­­ғауым да әсер еткен шығар. Бәлкім, бі­реу­лер «бүгінгі жас­тар­дың біреуі бірдеңе деп қа­ла ма деп тар­тынатын шығар» деп ойлауы мүм­кін. Ай­тыс жасқа, сон­­дай-ақ жынысқа да қара­май­ды. Бірақ уәжге тоқ­тай­тын ұл мен қыз болса. Қазір егер ай­тыс­қа шық­сам да, ба­ламмен жасты ба­ламен бет жыртысып, соны жеңу үшін шық­­паймын. Бұған дейінгі айт­қа­ныма жаңа ой, тың ізденіс қосу.
– Осы 20 жыл ішінде неше жерде жеңіске жетіп, қанша жер­де «қап, әттеген-ай!» де­ге­­ніңіз есіңізде бар ма?
– Сіз қайта сыпайылап қой­ды­ңыз ғой, әйтпесе кө­біне осы сұрақты «қан­ша ма­шина алдың?» деп тарс еткізетін. Бұған бір жауап айтамын: қазақ қо­радағы малы мен үйдегі жанын санамайды ғой. Өткенімнің есебі өзіме аян, алар асуым әлі алда, Алла қаласа. Мен үшін бәйгенің ең үл­кені – ел-жұрттың алдындағы абы­ройым.
– Еңсеңізді түсіріп, қиянат келіп килігіп, қарсыласыңыз мықты болмаса да, сізді соның алдында жығып берген кездер болды ма?
– Айтыс деген атының өзі айтып тұр ғой – бірде жеңсең, бірде жеңілесің. Мен жү­ре­гімде қандай да бір ренішті, өкпені сақ­та­мау­ға тырысамын. «Мынау мені бір жерде сүріндіріп еді, мынау мені Шымкент деп шеттетіп еді» деп кек сақтау менде мүл­дем жоқ. Өтті, кетті. Сол жерде қатып қалып не бол­маса сол нәрсеге қайта орала беруден ешқандай пайда жоқ, қайта зиян болмаса. Ар­қама бұрылсам да, айналып алып қайта ал­ға жүретін адаммын.
– «Періште емес, пендеміз...», шы­ғар­машылық кешті осылай атау сырыңыз неде?
– Мен сізге қарсы сұрақ қояйын: осы жол­ды оқығанда сізге қандай ой келді бірін­ші?
– Кім де болса пенделігін мойындап, адуындап тұрған жерінен айылын жия қоятын секілді...
– Ал енді қараңыз, 4-5 мың адамның алдына шығамыз. Қаумалаған халқың сені періштедей көріп, алақанына салып ая­лай­ды да, кейде сенің де пенде екен­ді­гіңді ұмытып кетеді. Көрермен де пенде, біздің де сол көрерменнен айырмамыз жоқ, пен­деміз. Ал енді бізді елдің алдына шығарып, еңсемізді биіктетіп, періштедей қылып тұрған – өнер. Бесікте ана баласын әлди­лейді, мектепте ұстаз шәкіртті тәрбиелейді, сол періштені пендеге айналдыратын да өмір ғой. Қазір біздің ұлттық идео­ло­гия­мыздың бір бағаны сияқты болып тұр ғой осы өнер. Жапонияда, мәселен, екіқа­бат әйелдің белдемшесіне жапон музыкасын қойып қояды екен. Сол арқылы іштегі бала бойға біткен күннен туылғанша тоғыз ай бойына жапонның музыкасын тыңдап өседі. Қазақ екенімізді әлемге мойын­да­татын ән, өнер, қасиетті қара домбыра, қобыз ғой. Осы қара домбыраны өлтірмей, қара сөздің, ұтқыр ойдың қуатын сездіріп тұрған – әсіресе айтыс өнері. Қазақтан басқа ешбір халықта мұндай өнер жоқ.
– Ел төбесіне хан көтере сыйлайтын мықты ақын ретінде өзін мойындату үшін айтыскерге не керек, мінез бе? Қара қылды қақ жаратын, басы ке­сілетін болса да шындықты айтуға екі­нің бірінің ерлігі жете бермейді ғой. Бол­маса бармақтай ғана бақ шеше ме бә­рін?
– Тек айтыскерге, ақынға ғана емес, жал­­пы, өнер адамына мінез керек. Мі­нез­сіз­дің міні болмайтын шығар, бірақ сол мін­сіз өнердің өзіндік үні де бол­майды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста