"Менің досым" мәреге жетті

©baq.kz фото

Қазақстандық софтерлік компаниялар қауымдастығының кеңсесінде «Менің Досым» халықаралық поэзия байқауының жүлдегерлері марапатталды.
Жиналған жеңімпаздармен жүздескен аталмыш компанияның президенті Азаматхан Әміртаев шығармашылық адамдарымен ерте бастан араласқандығын айта келіп, әсіресе, ақындардың жаратылыс болмысы ерекше болатындығын атап өтті. Көптің ойын жеткізуде шынайылыққа жүгініп, қоғамдағы құбылыстарды қалт жібермей өлең жолдарына өретін таланттарға әрдайым қолдау қажеттігін де назаржан тыс қалдырған жоқ.
Ал бұл жолғы мүшайраның тақырыбы айрықша: адамдық құндылықтың асқар шыңы – Достықты жырлау. Онлайн режимде өтуімен ерекшеленген байқауға бір айдан астам мерзімде еліміздің барлық өңірімен қоса Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден хат жолдаған 84 автордан 140-қа жуық өлең жолданған екен.
Ерлан Жүніс, ақын, байқаудың ұйымдастырушысы:
– Жас ақындарды қолдау, олардың шығармашылық өрісін кеңейту, шабытын шыңдау мақсатында мұндай шараларды жиі өткізіп тұрған жөн. Достық тақырыбындағы мүшәйрада достар арасына жік түспеуі үшін Достықтың өзі жеңіп, 140 өлеңнің ішінен топ жарған 9 өлең және үздік жазылған 25 өлең іріктелінді.

Топ жарған тоғыздың арасынан осы мүшайра марапатына жолы түсіп келген Балтабек Нұрғалиев пен Нұртас Тұрғанбекұлы және Айжан Тәбаракқызы, Айдана Сегізбаева, Өзгеріс Қуанар тағы да басқа үздік шыққан ақындар өлеңдерін оқып, көркем ойларын ортаға салды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Ақберен Елгезек пен Ерлан Жүністің твинбук үлгісінде шығарылған «Ғаршы» және «Ғаусар» атты жыр жинақтарын тапсырған Азаматхан Әміртаев мүшайраға түскен өлеңдердің барлығы жинақталып кітап болып жарық көретіндігін және оның тұсаукесері болатындығын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста